Accessibility links

Иранда оппозиция басшысының ұлы тұтқындалды


Оппозициялық вебсайттың хабарлауынша, Иранның билік орындары белгілі оппозиция жетекшісі Мехди Каррубидің ұлын қамауға алған. Әли Карруби мен оның әйелі Мафисех Панахи дүйсенбі күні тұтқындалған. Панахи кейіннен босатылған.

Карруби мен оппозицияның тағы жетекшісі Мир Хоссейн Мусави өткен аптадан бері үйқамақта отыр. Олар ақпанның 14-де Тунис пен Египеттегі көтерілістерді қолдап шеру өткізуге шақырған болатын.

Сол күні наразылық танытушылар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда кемінде 2 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG