Accessibility links

Ресейде тұтқын әйелдерді ұрып-соққан деген күдікпен түрме қызметкері ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресейдің Амур облысындағы әйелдерге арналған қоныстану колониясы бастығының орынбасары Сергей Зычков жазасын өтеп жатқан әйелдерді ұрып-соққан деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетіндегілер айтты деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Бұған дейін интернетте YouTube сайтында жарияланған бірнеше видеожазбада сот жазасын өтеу мекемесі қызметкерінің киімін киген бір ер адамның абақтыға ұқсас бөлме ішінде әйелдерге әлімжеттік жасағаны көрсетілген. Парақшадағы түсініктеме жазуда, бұл оқиға Амур облысындағы №4 қоныстану мекемесінің айыптыларды қамайтын абақтысында түсірілгені айтылған.

Видожазба жария болған соң аталған колонияда прокуратура тексеру жүргізіп, соның нәтижесі бойынша ресейлік тергеу орындары қылмыстық іс қозғаған.

Тергеушілер видеожазбадағы ер адам - колония бастығының орынбасары Сергей Зычковтың өзі деген болжам айтады.
XS
SM
MD
LG