Accessibility links

Сауд Арабиясында шерулерге тыйым салынды


Сауд Арабиясында барлық наразылық шаралар мен шерулерге тыйым салынды. Бұл туралы мемлекеттік «Әл-Ехбария» телеарнасы ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті бұзуды көздейтін кез келген әрекеттің алдын алу үшін қауіпсіздік күштері барлық шараларды қолға алады делінген хабарда. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Таяуда Сауд Арабиясының шығысындағы уәлаятта шииттер кішігірім шерулер ұйымдастырған болатын.
XS
SM
MD
LG