Accessibility links

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы бастығы сотталды


Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығы Марат Дәулетов.
Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығы Марат Дәулетов.
Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығы Марат Дәулетов екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Сот үкімі мамырдың 27-сі күні шыққан. «Заңсыз кәсіпкерлік» бабы бойынша жауапқа тартылып, 2010 жылы тамыз айында қоныстандыру колониясынан қашып кетіп, әлі күнге іздеуде жүрген молдавиялық бизнесмен Сергей Корнегруцаның ісі бойынша Марат Дәулетовке «қызмет міндетіне немқұрайлы қараған» және «қызмет өкілеттігін асырған» деген айыптар тағылған еді.

Бұл іс бойынша қоныстандыру колониясының бұрынғы бастығы Берік Исмағамбетов және облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы қызметкері Айдын Меңдіғалиев те сотталды.

Сот оларды үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, екеуінің де дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.
XS
SM
MD
LG