Accessibility links

Гаага трибуналы Ратко Младичтің ісін қарауды жұма күні бастайды


Бұрынғы Югославия бойынша соғыс қылмыскерлерін ұстайтын абақты. Гаага, 31 мамыр, 2011 ж.
Бұрынғы Югославия бойынша соғыс қылмыскерлерін ұстайтын абақты. Гаага, 31 мамыр, 2011 ж.
Сейсенбі күні Гаагаға әкелінген Ратко Младичтің ісін халықаралық трибунал жұма күні қарай бастайды.

Сот оған тағылған айыптарға қатысты Младичтің жауабын анықтайды.

Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы 69 жастағы Ратко Младичке 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағылған.

Ратко Младич 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада Сербияда ұсталған соң Гаага халықаралық трибуналына тапсырылды.
XS
SM
MD
LG