Accessibility links

Йемен астанасындағы ұрыстарда 40 адам опат болды


Таиз қаласының көшесіндегі көрініс. 1 маусым 2011 жыл.
Таиз қаласының көшесіндегі көрініс. 1 маусым 2011 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласында бүгін түнде үкімет күштері мен оппозиция арасында болған қарулы қақтығыстарда 40-тан астам адам қаза болған. Бұл туралы хабарлаған дәрігерлер көшеде ұрыстар әлі жалғасып жатқанын айтады.

Оппозицияға қосылған жергілікті тайпа өкілдері мен президент Әли Абдолла Салехті қолдаушылар арасында қарулы жанжал Санада сейсенбі күні қайта басталған болатын. Осылайша екі тараптың бейбітшілік туралы келісімі небары төрт күн ғана сақталды.

Осының қарсаңында Сананың оңтүстігіндегі Таиз қаласында қауіпсіздік күштері үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққан 7 адамды атып өлтірді.

Йеменді отыз жылдан астам уақыт үздіксіз басқарып келе жатқан президент Салехтің биліктен кетуін талап еткен халық наразылығы қаңтардың соңынан бері жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG