Accessibility links

Сирияда қауіпсіздік күштерінің операциясы барысында үш кісі өлді


Сирия әскерилері Түркиямен шекаралас Идлиб провинциясындағы Хирбет әл-Жоз елді мекенінде. 29 маусым 2011 ж.
Сирия әскерилері Түркиямен шекаралас Идлиб провинциясындағы Хирбет әл-Жоз елді мекенінде. 29 маусым 2011 ж.
Сирияның солтүстік-батысындағы Жабал әз-Зауия аймағында қауіпсіздік күштері жүргізген операция барысында бейсенбіден бері үш адамның мерт болғаны туралы жергілікті адам құқығын қорғаушылар хабарлады.

Олардың айтуынша, соңғы сағаттарда Латакия қаласында да бірнеше жарылыс естілген.

Сирия әскерилері президент Башар Асадтың отставкаға кетуін талап еткен оппозицияның наразылық шаралары жалғасып жатқан елдің солтүстік-батысындағы бірнеше елді мекенге танктермен кірген. Соңғы апталарда бұл аймақтан көршілес Түркияға босып кеткендер саны көбейді.

Сәрсенбі күні бірқатар аудандарда болған қақтығыстар салдарынан 10 адам қаза болған еді.

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Башар Асадтың басқаруындағы режим дереу демократиялық реформаларға кіріспесе, ресми Дамаск оппозиция тарапынан бұдан да табанды әрі ұйымдасқан қарсылыққа кезігеді деп ескертті.
XS
SM
MD
LG