Accessibility links

Палестиналықтар мемлекет мәртебесі науқанын қолдап шеру өткізіп жатыр


Палестиналықтардың мемлекет мәртебесі науқанын қолдау шеруі. Рамалла, 20 қыркүйек 2011.
Палестиналықтардың мемлекет мәртебесі науқанын қолдау шеруі. Рамалла, 20 қыркүйек 2011.
Бүгін мыңдаған палестиналықтар БҰҰ-ға мүше 194-ші мемлекет болу науқанын қолдау үшін Батыс жағалауда шеру өткізіп жатыр.

Батыс жағалаудың саяси астанасы Рамаллада мыңдаған адам қала орталығына бара жатыр. Сонымен қатар Наблус, Хеброн және Вифлеем қалаларында да ірі шерулер болады деп жоспарланған.

Бүгін Нью-Йоркте АҚШ президенті Барак Обама Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен және Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездеседі.

АҚШ пен Израиль палестиналықтардың БҰҰ-ға мүше болуға ұмтылыстарынан бас тартып, оның орнына тікелей Израиль-Палестина келіссөздерін қайта бастауын қалайды.

Махмуд Аббас мемлекет мәртебесі туралы науқанын ресми түрде жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясында жарияламақшы.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов палестиналықтардың бұл ұмтылысын Ресей қолдайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG