Accessibility links

Раббанидің қазасын тергеушілер пәкістандық бүлікшілерден сезіктенеді


Бурхануддин Раббани.
Бурхануддин Раббани.
Ауғанстанның бұрынғы президенті Бурхануддин Раббанидің қазасын тергеушілер бұл қылмыстық іске пәкістандық бүлікшілердің қатысы болуы мүмкін деп сезіктенеді.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай телеарнаға берген сұқбатында, жақын күндері ауған тергеушілерінің тобы Пәкістанға жіберілетінін мәлімдеді. Хамид Қарзай егер ресми Исламабад Раббанидің қазасына кінәлілерді анықтау ісіне атсалысудан бас тартатын болса, онда БҰҰ-на жүгінуге әзір екендігін мәлімдеді.

Ал егер Бурхануддин Раббанидің қазасына тәлібтердің қатысы бар екендігі анықталса, онда Кабул тәліптермен келіссөздерді доғарады, деп ескертті президент Қарзай.

Ауғанстанның бейбітшілік бойынша Жоғарғы кеңесінің төрағасы, елдің бұрынғы президенті Бурхануддин Раббани қыркүйектің 20-сы күні Кабулдағы өз үйінде қастандық құрбаны болған еді. Оған өзін үкіметке қарсы көтерілісші ретінде таныстырып кездесуге барған жанкешті сәлдеге жасырған бомбаны жарып жіберген.
XS
SM
MD
LG