Accessibility links

Хиллари Клинтон: "БҰҰ қауіпсіздік кеңесі өз міндетін атқармады"


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вашингтон, 28 қыркүйек 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вашингтон, 28 қыркүйек 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің сейсенбі күнгі шешімін сынға алды.

"Қауіпсіздік кеңесі өзіне жүктелген міндетті атқармады" деп мәлімдеген Хиллари Клинтон "Сирия халқы бұны ұмытпайтынын" атап айтты.

Сирия билігі оппозицияға қарсы қуғын-сүргінді тоқтатпаған жағдайда ресми Дамаскіге қарсы санкция жарияланатындығы айтылған қарар жобасы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде талқыланғанда, Қытай мен Ресей келіспей, вето қойған еді. Ресей мен Қытай құжатқа ол елдің ішкі ісіне араласуға болмайтындығы туралы бап қосуды талап еткен.

БҰҰ деректері бойынша, Сирияда қазіргі билікке қарсы жаппай халық наразылығы басталған уақыттан бері үкімет күштерімен қақтығыстарда 2700-ден аса адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG