Accessibility links

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 264-ке жетті


Құтқарушылар Ван аймағындағы зілзаладан жараланғандарды үйінді астынан шығарып жатыр. 24 қазан. 2011
Құтқарушылар Ван аймағындағы зілзаладан жараланғандарды үйінді астынан шығарып жатыр. 24 қазан. 2011
Түркияның шығысындағы ресми өкілдер жерсілкінісінен қаза тапқандар саны тағы өскенін айтып отыр. Ішкі істер министрі Идрис Наим Сахин зілзаладан 264 адам құрбан болды деді. Осыған дейін жарақат алғандар саны 1 300 деп айтылған болатын.

Жексенбі күні Түркияның Ван аймағында қуатты жерсілкінісі болып, бірнеше ғимарат қираған еді. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды іздеу шараларын жалғастырып жатыр.

Жергілікті билік өкілдері шатырлар тігіп, жапа шеккен тұрғындарға азық-түлік жеткізіп жатқанын айтты. НАТО, АҚШ және бірқатар елдер Түркияға көмектерін ұсынды. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған егер қажет болса, Түркия көмек сұрауы мүмкін деді:

"Түркия қажет болған жағдайда басқа елдерден көмек сұрайтын болады. Дәл қазір Әзірбайжан, Иран және Болгария топтары аймақта жұмыс істеп жатыр"- деді.

Осы жылдың наурыз айында да осы Ван аймағында қуатты жерсілкінісі болған еді.

1999 жылы Түркияның солтүстік-шығысында болған қатты жерсілкінісі 20 мың адамның өмірін қиған. 1976 жылы Ван аймағындағы зілзаладан 5 мың адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG