Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға шектен шықпауды ескертті


Оңтүстік Корея тұрғындары Солтүстік Корея қарулы күштері туралы бейнематериалды қарап тұр. Сеул, Оңтүстік Корея. 20 желтоқсан 2010 ж.
Оңтүстік Корея тұрғындары Солтүстік Корея қарулы күштері туралы бейнематериалды қарап тұр. Сеул, Оңтүстік Корея. 20 желтоқсан 2010 ж.
Егер Солтүстік Корея мемлекеті өткен жылғыдай Оңтүстік Кореяға қарсы күш қолданатын болса, онда тиісті жауап алатын болады. Бүгін Сеулде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлері Леон Панетта мен Ким Гван Чжин журналистер алдында осындай мәлімдеме жасады.

Олар "қырағылықты күшейтінін" айтқанымен, оның нақты қандай шаралар болмағын ашып айтқан жоқ. Қос министрдің бірлескен мәлімдемесінің мазмұнынан әңгіме барлау жұмыстарын кеңейту жайында болып отырғаны аңғарылады.

Бұрын АҚШ орталық барлау басқармасына жетекшілік еткен Пентагонның қазіргі басшысы Леон Панетта Сеулге сапарының алдында Индонезия мен Жапонияда болды.

2010 жылы Солтүстік Корея қарулы күштері Оңтүстік Кореяның шекаралық аймағын әскери қарудан атқылап, соның салдарынан Оңтүстік Кореяның бірнеше азаматы мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG