Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің 50 пайыздан астамы сайлауға қатысты деді. Бұл қырғызстандықтардың өткен жылғы қанды төңкеріс пен этникалық қақтығыстан кейінгі бірінші президенттік сайлауға қатысуы.
Қырғызстан президенттіктен үміткер 16 кандидаттың ішінде, қазіргі премьер-министр Алмазбек Атамбаев, «Ата Жұрт» партиясының жетекшісі Камчыбек Тачиев, және парламенттің бұрынғы спикері Адахан Мадумаров бар.
Ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев "Бүтін Қырғызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровтың жақтастары сайлаушыларға 500 сом ақша таратып жүргенде ұсталды деп хабарлады. Бірқатар сайлаушы өздерін дауыс беру тізімінен таба алмағандарын айтып жатты.
Қазіргі президент Роза Отунбаева президенттік саулауға түспеді. Өткен жылы Қырғызстанда өткен референдум президенттің билігін азайтып, парламенттің құзырын күшейткен болатын. Сайлаудың алдыңғы нәтижесі дүйсенбі күні жарияланады.