Accessibility links

Шындықты айтқандар Ақорданың қырына ілігеді


«Рух пен тіл» пікірталас клубының жетекшісі Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
«Рух пен тіл» пікірталас клубының жетекшісі Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
Ақпанның 21-і күні Алматыда белгілі театр режиссері Болат Атабаевқа Германияның Гете институты әлемдік өнер мен мәдениетке қосқан үлесі үшін Гете атындағы медаль беру туралы шешімін салтанатты түрде хабарлады, медальдің өзі тамыз айында Германияда тапсырылуы тиіс. Бірақ Қазақстанда үстінен «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген баппен іс қозғалған Болат Атабаев шетел түгіл Алматы қаласының шекарасынан биліктің рұқсатынсыз шыға алмайды. Сейсенбі күнгі салтанатты кешке Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де келді, бірақ олар режиссерді құттықтау үшін емес, Болат Атабаевқа ертеңгі болар тергеуге шақыру қағазын тапсыруға келіпті.

Әлемдік қауымдастық еңбегін бағалап, мойындаған режиссердің үстінен іс қозғалып, мұндай қуғынға түсудегі басты себебі не дейсіздер ғой? Ол - оның әділеттілігі, өтірік пен жағымпаздықты жан дүниесімен жек көретін адалдығы. Принципшілдігі. Басқа зиялысымақтар сияқты «Жаңаөзенде бүлік шығарған
Теат режиссері Болат Атабаев. Алматы, 8 ақпан 2012 ж.
Теат режиссері Болат Атабаев. Алматы, 8 ақпан 2012 ж.
бұзақылар деп» биліктің сойылын соғып, табанын жаламағаны. Жаңаөзенде билік қарапайым халықты автоматпен қырып тастағанын, бұған тікелей жауапты Ақорда иелері екенін ашық айтқаны.

Сол күннің ертеңіне Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тергеуге шақырылғандардың бірі жас саясаткер Жанболат Мамай. Оның да үстінен «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген бап бойынша іс қозғалған. Жанболаттың жасы жиырмадан жаңа асқан жас жігіт. Кешегі студент. Ал билік оған неге шүйлікті? Жап-жас жігітке мұндай ауыр айып тағылардай ол нені бүлдірді? Ештеңені де.

Бұл қос азамат та қылмыскер емес. Билік оларға күйені тонналап жаққысы келгенімен оларға күйе жұқтыра алмайды. Себебі бұл азаматтар халықтың мұңын жоқтап, жоғарғы биліктен жасқанбастан олардың айыптарын бетіне басып, қателіктерін бадырайтып ашып бергеніндіктен қудалануда. Ал әлем мойындаған қазақ режиссерін, жиырмадан жаңа асқан жас саясаткерді соттау, қудалау арқылы билік өз қолымен қазақ өнері мен қазақтың болашағын тұншықтырмақ ойда.

Болат Атабаевты істі қылу өнерді соттаумен бірдей емес пе? Ал Жанболат Мамайды істі қылу ше? Мамай студенттiк кезiнен өз маңайына еркiн ойлы жастарды топтастырып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қателіктерін халық алдында ашық айтып, премьер Кәрім Мәсiмовтiң қызметтен кетуiн талап еткен мыңдаған жастардың қолын топтастырып, режимнің қытығына тиiп жүрген ең жас саясаткер.

Былтыр Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуiлi кезiнде, жаз мезгiлiнде билiк оның мұнайшылармен кездесуiнiң өзiнен сескенiп, тағы да сол тапсырыспен, қисынсыз жаламен, полиция қызметкерлерiне қарсылық көрсеттi деген айып тағып, Ақтау қаласының әуежайына қонған бетiнде ұстап, он күнге түрмеге тоғытқаны естерiңiзде болар. Сол кезде Жанболаттың полиция қызметкерлерiне қарсылық көрсеткенiне, сол үшiн айыпты болғанына бiреу сендi ме? Жоқ! Оның қазiр қудалануы мен iстi болуының, жала жабылуының басты себебi - осы жігерлі жастан сескенген биліктің үрейі, қорқынышы.

Бұл азаматтардың шындығына келгендегi басты айыбы – президент Назарбаев пен оның құрған саяси режимiне қарсы ашық күресi. Бiрақ бiзде президент пен билiктi сынағаны үшiн соттайтын заңның жоқтығынан ұлттық қауiпсiздiк комитетіндегілердің әлгіндей қисынсыз айып табуына тура келдi.
XS
SM
MD
LG