Accessibility links

Ақтауда мұнайшылар белсендісі қамауға алынды


Ақтаулық мұнайшылар белсендісі Нұрияш Әбдірайымова. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл
Ақтаулық мұнайшылар белсендісі Нұрияш Әбдірайымова. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл

Туыстарының хабарлауынша, Нұрияш Әбдірайымова мешітке барып, «ұсақ бұзақылық» жасады деген айыппен 10 тәулікке қамауға алынған. Әбдірайымованың туыстары «ол мешітте Жаңаөзенде қаза тапқандар үшін ас бермекші болды» дейді. Ал мешіт имамы «Әбдірайымова бүлік шығарды» деп мәлімдеді.


Сенбі, наурыздың 24-і күні Ақтаудағы мұнайшылар белсендісі Нұрияш Әбдірайымованың 10 тәулікке қамалғандығы белгілі болды. Бұл туралы сол күні Азаттыққа оның сіңілісі Бақтыгүл Әбдірайымова айтқан еді.

- Ол мешітке барып, ас бергісі келді. Алайда ондағылар рұқсат етпеген соң, айқайлаған көрінеді. Содан кейін полиция келіп алып кетті. Артынан сот болып, қамауға алынды, - деді Бақтыгүл Әбдірайымова.

Наурыздың 26-сы біз бұл мәселеге қатысты Ақтаудағы 13-ші ықшам ауданда орналасқан мешіттің имамы Ізбасар Низамұлынан мән-жайды сұраған едік.
Жаңаөзендегі жағдайдан кейін біздер шу болмасын деп қорқып жүргенде... бұл өзі оппозиционный адам екен ғой. Ас беремін деп, келіп, айқайлап, патшаны жамандаса, елбасыны жамандаса, адамдардың ішінде сондай фитна жасаса, ол бізге керек емес...
- Мен өткен аптада іссапарда болдым, Ол маған телефон соғып, Жаңаөзенде болған жағдайдың 100 күндігіне ас беруге рұқсат сұрады. Мен мешітте ас берілмейтіндігін айтым, себебі бізде тек намаз оқитын орын бар, ал арнайы ас беретін орын жоқ. Ол мені тыңдамай айқай салды, сосын мен телефонды қоя салдым, - деді наурыздың 26-сы күні Азаттыққа түсіктеме берген имам.

Оның сөзінше, бұл әңгімеден кейін Нұрияш мешітке барып, қызметкерлермен келіспек болған. Алайда арасында дау шығып, мешітке жергілікті учаскелік полиция келіп, мешіт қызметкерлерінің арызын алып кеткен. Соның негізінде сот Нұрияш Абдірайымованы әкімшілік кодекстің 330-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 10 тәулiкке қамауға алу туралы шешім шығарған.

- Өткендегі Жаңаөзендегі жағдайдан кейін біздер шу болмасын деп қорқып жүргенде... бұл өзі оппозиционный адам екен ғой. Сосын ол ас беремін деп, келіп, айқайлап, патшаны жамандаса, елбасыны жамандаса, адамдардың ішінде сондай фитна жасаса.., ол бізге керек емес. Құдайдың үйіне тек қана сұрау үшін, бата алу үшін келеді. Ондай бүлік шығару үшін келмейді, - деді Ізбасар Низамұлы.
XS
SM
MD
LG