Accessibility links

Имамдар Алланың атын араққа жазғанға наразы


Семейде арақ шишасының сыртына жазылған, «Алланың құдіреті бәріне жетеді» деген арабша жазуға қала имамдары наразылық білдірді.

31-телеарнаның хабарлауынша, Семейдегі Тыныбай мешітінің бас имамы Бекзат Боранбайұлы "Бұл әдейі жасалмаған болса, арақ өндіруші кешірім сұрауы керек. Алла бәрін кешеді. Араққа "Алланың құдіреті бәріне жетеді" деп жазу дұрыс емес. Ал арақ ішу - мұсылманға күнә" дейді.

Семейде бұл арақтың бір бөтелкесі 650 теңгеден сатылып жатыр.
XS
SM
MD
LG