Accessibility links

Ресей оппозициясы өкілі өздерін Абайдың біріктіргенін айтты


Ресей мемлекеттік думасының депутаты Илья Пономарев. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Илья Пономарев. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.

Мамырдың 19-ы күні Алматыда Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғаушылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосты. Олар Қазақстанда саяси тұтқындарды қорғайтын халықаралық комитет құрылғанын мәлімдеді. Жиыннан соң орыс оппозициясы өкілдері Абай ескерткішіне гүл қойды.

Жиынға Ресейден мемлекеттік дума депутаты Илья Пономарев, құқық қорғаушы Лев Пономарев, саяси белсенді Александр Батов пен «Защита» кәсіподағының өкілі Юрий Виньков қатысты.

Жиынды ұйымдастырушылар Қазақстандық саяси және қоғам белсенділерінің барлығын шақырғандығын айтады. Бірақ бұл бас қосуда Болат Әбілов, Жармахан Тұяқбай сынды оппозициялық партия басшылары болған жоқ.

«БИЛІК – СОВЕТ ОДАҒЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН АДАМДАР»

Ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев «Қазақстан мен Ресей билігі өздерінің репресивті әрекеттерін өзара үйлестіре отырып жүргізетіндігін» айтады.

– Сол себепті екі ел құқық қорғаушылары да саяси тұтқындарды қорғауда бірлесе жұмыс істеген абзал. Ресей – үлкен және саяси тұтқындары да көп. Ресейде
Ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
Ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
азаматтық белсенділер саяси тұтқындармен ынтымақтастық одағын құрды. Олар арнайы сайт ашып, саяси себеппен сотталғандардың аты-жөнін тіркеді. Осылайша олар саяси тұтқын статусына ие болады, – деді Лев Пономарев.

Қазақстандық адам құқығын қорғау бюросының құрметті төрағасы Евгений Жовтис Совет одағы кезіндегі саясат қазір ТМД елдерінде жалғасып отырғанын айтты. Жовтистің ойынша, мұның себебі «қазір билік басындағылар – Совет одағында қалыптасқан азаматтар».

– Постсоветтік елдердің құқықтық заңнамасы мүлдем нашар. Арнайы қызмет орындары өзгеше ойлайтын адамдарды бақылауға алған, прокуратура президент әкімшілігінен өзгеге бағынбайды, мемлекеттік институттар басқарушы элитаның мүддесіне ғана қызмет етеді, ал сот жүйесі алдын-ала шығарылған саяси шешімді орындаушы орган болып қалған, – дейді Евгений Жовтис.

Оның пікірінше, «тек Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, барлық постсоветтік елдердің құқық қорғаушылары өзара келісіп, бірігіп жұмыс істеу қажет».

«БҰЛ КЕДЕН ОДАҒЫН ҚОЛДАҒАН ШАРА ЕМЕС»

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин де «бірігіп жұмыс істеудің әсері болуы тиіс» деп үміттенеді.

– Қазақстанның өз ішіндегі демократиялық күштер біріге алмаған соң, екі елдің
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
күштері бірігуге ниет білдіріп отыр. Меніңше, бұл бірігуден Қазақстандағы саяси тұтқындар мен қудалауларға әсер ететін нәтиже шығуы тиіс, – дейді саясаткер.

Журналист, «Жаңаөзен – 2011» комитетінің өкілі Рысбек Сәрсенбайдың ойынша, «жаңа құрылған комитеттің мақсаты – дұрыс, ал нәтижесі туралы айтуға – әлі ерте».

– Екі елдегі жағдай бір-бірімен ұқсас – билік басының саясаты да, халыққа қарсы жасап отырған әрекеті де, репрессиялық шаралардың жүргізілуі де. Екі елде де диктаторлық билік – «Путин қалайды!», «Назарбаев қалайды!». Мұның барлығы бірлесіп қарсы тұруды қажет етеді, – дейді Рысбек Сәрсенбай.

Журналист Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кеден одағына бірігуіне қарсы екенін, «бүгінгі бірігудегі мақсат өзгеше екенін» айтты.

– Бұл бірігу – Кеден одағын қолдағанымыз емес, бұл – адам құқығын қолдағандық. Адам құқы шекарасына қарамай, мемлекеттік ерекшеліктерге қарамай барлық жерде бірдей қорғалуы керек, – дейді Рысбек Сәрсенбай.

КОМИТЕТ

Алматыдағы жиында саяси тұтқын деп танылған азаматтарды көпшілікке таныту мақсатында сайт құру туралы айтылды.

Арнайы қабылданған декларацияда екі ел құқық қорғаушылары мен азаматтық белсенділері өзара ықпалдастық білдіріп, бір-біріне демеу беретін шараларды ұйымдастыру, биліктен қысым көріп, қуғындалған адамдарды заңгермен қамтамасыз етіп, қамаудағы саяси тұтқындардың отбасына қолдау көрсету сынды мәселелелер де жазылған.

– Қоғам белсенділеріне қатысты кез-келген процесс елеусіз қалмауы тиіс. Себебі Жаңаөзен сотын ашық жасап, өзінің абыройынан айырылған билік ендігі
«Журналистер қатерде» қорының президенті Рамазан Есіргепов. Алматы, 10 сәуір 2012 жыл.
«Журналистер қатерде» қорының президенті Рамазан Есіргепов. Алматы, 10 сәуір 2012 жыл.
белсенділер Козлов, Сапарғали, Әміроваларға қатысты соттарды жабық етуі мүмкін. Ал оған біз жол бермеуіміз мүмкін. Қазір, мәселен, Вадим Курамшинге қатысты процесс өтіп жатыр. Онда да заң бұзу жетіп артылады. Бірақ ол туралы айтылмайды, тіпті процесті бірлі-жарым адам бақылап, – деді «Журналистер қатерде» қорының президенті Рамазан Есіргепов.

Бүгін құрылған халықаралық комиет Лев Пономаревті – төраға, Евгений Жовтисті тең төраға етіп сайланды. Жиында «Рысбек Сәрсенбай мен Хасен-Қожа Ахметтер де тең төрағаларды бірі болсын» деген ұсыныс айтылды.

Комитетке Қазақстан жағынан азаматтық белсенділер Ғалым Ағелеуов, Ерлан Қалиев, Ресей тарапынан Илья Пономарев, Александр Батов, Юрий Виньков кірді. Ұйымдастырушылар комитетке Еуропарламент депутаты Пол Мерфи сынды бірқатар шетелдік саясаткерлер де кіргенін хабарлады.

«АБАЙ РЕСЕЙ ОППОЗИЦИЯСЫН БІРІКТІРДІ»

Жиын аяқталған соң ресейлік оппозиционер Александр Батов пен құқық қорғаушы
Ресейлік оппозиционер Александр Батов пен құқық қорғаушы Лев Пономарев Абай ескерткішіне гүл қойды. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
Ресейлік оппозиционер Александр Батов пен құқық қорғаушы Лев Пономарев Абай ескерткішіне гүл қойды. Алматы, 19 мамыр 2012 жыл.
Лев Пономарев Алматыдағы Абай ескерткішіне барып гүл қойды.

Лев Пономаревтің айтуынша, Мәскеудегі орыс оппозициясының Абай ескерткіші түбінде өткен «ОккупайАбай» акциясы кезінде «қазақ ақынының өлеңі Ресей оппозициясын» біріктірген.

Бүгінгі шараға қазақ оппозициясы өкілдері мен белсенділері де қатысты.

Гүл қою рәсімін бақылауға полицей формалы қызметкерлер келген жоқ, тек беймәлім адамдар ғана бейнекамераға түсіріп жүрді.
XS
SM
MD
LG