Accessibility links

Орталық Азиядағы адам құқы АҚШ-та сөз болды


АҚШ-тағы халықаралық діни еркіндік комиссиясының өкілі Кэтрин Косман. Душанбе, 2 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тағы халықаралық діни еркіндік комиссиясының өкілі Кэтрин Косман. Душанбе, 2 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ Хельсинки комитеті (Вашингтон) Орталық Азиядағы саяси тұтқындар мәселесін талқылады. Азаматтық еркіндікті қорғаушылар мен Өзбекстанның бұрынғы саяси тұтқындары АҚШ-ты қамаудағы оппозиция жетекшілеріне, діни тұлғалар мен тәуелсіз журналистерге қолдауын жалғастыра беруге шақырды.


Өзбекстанның оппозициялық «Күншуақты Өзбекстан» коалициясының қуғында жүрген жетекшісі Санжар Умаров АҚШ-тағы Хельсинки комитетінің сейсенбі күнгі отырысында халықаралық қауымдастықты өзбекстандық саяси тұтқындарды қорғауға шақырды.

ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАН АРАША СҰРАУ

– Ол жерде менің басымнан өткен жағдай сияқты, тергеушілердің, түрме қызметкерлері мен әкімшіліктің азаптауын көріп жатқан, тіпті өліп кеткен мыңдаған тұтқын бар. АҚШ пен әлемдік қауымдастық Өзбекстандағы азапталып жатқан мыңдаған тұтқынды қорғауы тиіс. АҚШ пен халықаралық қауымдастық Өзбекстан билігінен саяси қудалаулар мен тұтқындарды азапталуын тоқтататын шараларды талап етуі керек, – деді Санжар Умаров.

Президент Ислам Каримов билігін саяси реформаларға шақырған соң, 2006 жылы
Өзбек белсендісі Санжар Умаров. Ташкент, 2005 жылдың маусымы.
Өзбек белсендісі Санжар Умаров. Ташкент, 2005 жылдың маусымы.
«салықтан жалтарды» және «ақша жымқырды» деген айыппен түрмеге жабылған Санжар Умаровтың қолдаушылары оның сотталуының саяси астары бар екенін айтқан. «Күншуақты Өзбекстанның» жетекшісі кейін АҚШ-тың ықпалымен түрмеден аман босатылып, көп ұзамай бұл елден саяси баспана алған.

Умаровтың үндеуі кейбір құқық қорғаушы топтардың «Орталық Азияда адам құқықтары бұзылып жатқаны айтылмай отыр» деген мәлімдемелерімен тұспа-тұс келді

АУҒАНСТАНҒА ЖҮК ТАСИТЫН ЖОЛДАҒЫ МАҢЫЗДЫ АЙМАҚ

Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалиция күштеріне жүк тасымалдауда маңызды рөл атқарып отырған Орталық Азия – жабық саяси жүйесімен, ел еркіндігін шектеуімен танылған аймақ.

АҚШ жетекшілері Орталық Азия басшыларымен кездесулерінде «бұл аймақтағы адам құқықтары мәселесін көтеріп, жекелеген адамдардың жағдайы туралы талқылағандарын» айтып келеді.

АҚШ-тағы халықаралық діни еркіндік комиссиясының өкілі Кэтрин Косманның айтуынша, «Вашингтон Орталық Азиядағы саяси тұтқындарға көмек болатындай ​көңіл бөлу керек». Оның ойынша, «АҚШ-тың Солтүстік жүк тасымалы жолындағы рөліне байланысты Орталық Азиямен нығая түскен қарым-қатынастарын аймақтағы адам құқықтарының бұзылуын тежеуге пайдалануға болады».

– Көп адам «Солтүстік тасымалдау жолына байланысты АҚШ саяси тұрғыда Орталық Азиядағы адам құқықтары жағдайына қатысты алаңдауын қатты айта алмай отыр» деп ойлайды. Мен, керісінше, оны аймақтағы үкіметтердің тым коррупцияланғанына байланысты деп есептеймін. АҚШ үкіметінің бұл тасымал жолдары үшін көп ақы төлеуінен осы елдердің үкіметіндегі ресми өкілдер ұтып отыр. Сондықтан АҚШ адам құқықтары жағдайларын айтса, әрі осымен байланыстырып Солтүстік тасымалдау жолын пайдаланса, адам құқықтары жақсарғанын көре аламыз, – дейді Кэтрин Косман.

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БЕС ЕЛІ ДЕ АДАМ ҚҰҚЫН БҰЗЫП ОТЫР»

АҚШ-тың халықаралық діни еркіндік комиссиясының өкілі Орталық Азиядағы діни сенім-наным еркіндігіне қатысты сөз қозғағанда «діни еркіндігі қатты шектеліп отырған ел» деп Тәжікстанды атады. Сонымен қатар Түркіменстандағы діни тұтқындардың аяусыз соққыға жығылғанын да айта келіп, Қазақстандағы діни топтарға да билік тарапынан көптеген кедергілер жасалып отырғанын сөз етті.

Кэтрин Косманның айтуынша, Өзбекстанда соңғы он жылда билікке жақпаған бес мың адам қамауға алынған.

– Кейде оларды діни сеніміне қатысты психиатриялық ауруханаға жатқызып қояды немесе 20 жыл түрме жазасын береді. Өзбек билігі олардың көбін «тыйым салынған діни ұйымға мүше болды» деп қамайды, – дейді діни еркіндік комиссиясының өкілі Кэтрин Косман.

Журналистерді қорғау комитетінің сарапшысы Музаффар Сулейманов Қырғызстандағы этникалық өзбек, адам құқын қорғаушы, журналист Азимжан Асқаровтың 2011 жылдың соңында өмірлік түрме жазасына кесілгенін айтты.

Азимжан Асқаров 2010 жылғы Қырғызстан оңтүстігіндегі этникалық қақтығыста полиция өліміне қатысы бар және қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен
Азимжан Асқаров Бішкек түрмесінде. 15 желтоқсан 2011 жыл.
Азимжан Асқаров Бішкек түрмесінде. 15 желтоқсан 2011 жыл.
түрмеге жабылған. Асқаровтың қолдаушылары бұл жазаның астарын оның адам құқықтарының бұзылғанын зерттеген хабарларынан көреді.

Хельсинки комитетінің мүшесі, АҚШ конгресмені Стивэн Коэннің пікірінше, «Вашингтон Ауғанстандағы ынтымақтастығы үшін Орталық Азияның авторитарлық президенттерін қабылдап келеді – бірақ бұл тұста моралдық шығын да ұмыт қалмауы керек».

Стивен Коэн Орталық Азияның бес мемлекетінде де адам құқы сақталмай отырғанын, «әділетсіз сот, саяси және діни себептерге қатысты қудалау сияқты проблемалар бар» екенін айтты.

– Ол елдердегі жағдайлардың бәрін бірдей біз АҚШ-та отырып ести алмаймыз. Бірақ олардың осындай комитетте айтылуы – маңызды. Әрі АҚШ әріптес болған елдер адам құқықтарын бұзуды тоқтататын әрекеттер жасалуы керек, – дейді АҚШ конгресмені.

Ол комитеттегі тыңдауларда Орталық Азиядағы адам құқықтарының өрескел бұзылғанын білу «өздеріне соққы болып тигенін» айтты.
XS
SM
MD
LG