Accessibility links

«Әйел логикасы» шоуы гендерлік дауға ұрынды


«Әйел логикасы» ток-шоуынан көрініс. Грузия, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
«Әйел логикасы» ток-шоуынан көрініс. Грузия, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Грузияның «Имеди» телеарнасының жаңадан шыға бастаған «Әйел логикасы» бағдарламасын сынаушылар оны эфирден алып тастауды талап етті. «Бұл шоу хабарға қатысқан әйелдерді таяз әрі жеңілтек етіп көрсетеді», «үйде бала бағып отырған әйелдерге қарсы керітартпа көзқарас қалыптастырады» дейді наразылар.

«Әйел логикасы» деп аталатын телешоуда оңаша бөлмедегі диванда сусын ішіп отырған әйелдер әртүрлі ғылым саласына қатысты сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Әйелдердің сауалға дұрыс жауап берер-бермесін студиядағы көрермен алдына шыққан ер адамдар болжап айтуы керек. Әйелдердің қалай жауап беретінін дәл болжаған жігіттер ақша ұтады.

Шоудың ережесі бойынша, әйелдерге қойылған сауалдың жауабын бәс тіккен ер адамдар біле ме, жоқ па – ол жайлы жігіттерден сұралмайды.

«ҚИЫН СҰРАҚ»

Шоуға қатысушы әйелдер әуелі өздерін таныстырып, қандай тақырыптан хабары барын, ғылымның қай саласын ұнатпайтынын айтады.

Грузиядағы «Әйел логикасы» шоуының бір хабарына қатысқан екі қыздың бірі балерина, екіншісі экономист еді. Оларға «Екі тоннада қанша килограмм бар?»-
"Әйел логикасы" ток-шоуынан көрініс. Грузия, 2012 жыл.
"Әйел логикасы" ток-шоуынан көрініс. Грузия, 2012 жыл.
деген сұрақ қойылатынын айтып, әйелдердің бұл сауалға дұрыс жауап берер-бермесін студиядағы арнайы шақырылған екі ер адамнан сұрады. Ер азаматтардың бірі қыздардың экономист екенін айтып, «дұрыс жауап береді» деп болжады. Ал екінші жігіт әйелдердің дұрыс жауап береріне күмәнданып, «балеринаға тонна немесе килограмм деген қиын сұрақ болар» деді.

«Әйел логикасы» хабарына қатысушы қыз-келіншектерге «Ленин инквизация құрбаны болды ма?», «Жапония Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма?», «Саддам Хуссейн мен Усама бен Ладен бір сыныпта оқыған ба?», «Миллиардта қанша нөл болады?», «Футболдағы пенальтиді қандай қашықтықтан соғады?» деген тәрізді сауалдар да қойылады.

Хабарға қатысушы кейбір әйелдердің осындай сұрақтарға ұзақ ойланып, көбінесе дұрыс жауап бере алмай, мүлде басқаша пайымдап жатқанына студиядағы жұрт күліп отырады.

«ШОУ ӘЙЕЛДЕРДІ ҒАНА КЕМСІТЕДІ»

Нидерландта басталған бұл телешоуды қазір Грузия, Ресей, Украина телеарналары көрсетіп жатыр.

Бұл бағдарлама Америкадағы ересек адамдарға арналған «Бесінші сынып оқушысынан көп білесің бе?» деген сұрақ-жауап сайысына ұқсас. Ол хабарда
БҰҰ-ның гендерлік саясат бойынша сарапшысы Тамар Сабедашвили. Грузия.
БҰҰ-ның гендерлік саясат бойынша сарапшысы Тамар Сабедашвили. Грузия.
ересектердің көбі балаларға мәлім деректерді кейде білмей қалып жатады.

Алайда Грузиядағы «Әйел логикасы» шоуына «гендерлік кемсітуді қоздырып отыр» деген мін тағылды.

– Бұл шоу оған қатысқан әйелдерді ғана кемсітуге құрылған. Ойынға қатысушы ер азаматтарға сауал қойылмайды. Тек әйелдер ғана сұралады. Егер бұл бағдарлама адамдардың білім деңгейін немесе ойлау қабілетін көрсеткісі келсе, бірнеше әйел мен бірнеше ер адам шығуы керек. Одан кейінгі жарыс немесе сұрақ-жауапта ешқандай дау болмас еді. Бірақ олай болмай отыр, – дейді БҰҰ-ның гендерлік саясат бойынша сарапшысы Тамар Сабедашвили.

Грузин әйелдері ұзақ уақыт бойы ұлттық дәстүр талаптарын сақтап, әйелге тән әдетпен жүріп-тұруға мәжбүр болғандарын айтады.

Бақылаушылардың пікірінше, «Әзербайжан, Армения және Түркия сынды көршілеріне қарағанда Грузиядағы әйелдердің құқы артық – бірақ грузин әйелдері әлі де отбасында, жұмыста кемсіту көреді».

Грузияның кино және театр сыншысы Тео Хатиашвили – «Имеди» телеарнасындағы «Әйел логикасы» деген шоуды ашық сынаған адамдардың бірі.
Грузиялық кино және театр сыншысы Тео Хатиашвили.
Грузиялық кино және театр сыншысы Тео Хатиашвили.
Ол осы бағдарламаны көргенде таң қалғанын айтып, «осыған дейін Грузияда әйелдерге қатысты бар мәселе осындай тұрғыда көпшіліктің алдына шығарылмайтын еді, бұл – елдегі әдеттен тыс жағдай» дейді.

Тео Хатиашвилидің ойынша, «Грузияда әйелдердің мәртебесін бүгінгі заманға лайық ету үшін жасалған шаралар аз».

– Грузиядағы ерлердің көбі әлі де әйелді үй шаруасын реттеп, отбасына ыңғайлы жағдай жасап, күлімдеп отыратын қуыршақ сияқты көреді. Әйелдің өз қабілетін көрсетіп, кәсіби маман атануы маңызды болмай отыр, – дейді Тео Хатиашвили.

«Әйел логикасы» шоуын көрсетіп жатқан «Имеди» телеарнасы бұл бағдарламаны тоқтатпайтынын айтты. Бұл телеарна 2011 жылы Playboy журналының кейіпкері Шорена Бегашвили жүргізетін ток-шоу ашқан еді. 2010 жылы «Ресей Грузияға басып кірді» деген хабарды да осы телеарна таратқан.
XS
SM
MD
LG