Татарстанның астанасы Қазан қаласында өткен граффити фестиваліне он елден келген суретшілер қатысты. Татарстанда алғаш рет ұйымдастырылған шарада Қазан көшесіндегі қырыққа жуық құрылыс нысанының қабырғасы сурет көрмесіне айналды. (Суреттерді Азат Еуропа/Азаттық радиосы Татар-башқұрт редакциясының тілшісі Ильдар Габидуллин түсірген)
Татарстандағы тұңғыш граффити фестивалі

1
Еуропаның бірнеше елінен келген 60-қа жуық суретші Қазан қаласындағы қоғамдық орындарды түрлендіріп жіберді

2
Суретшілер 40 шақты тұрғын үй, көпірлер, қоршаулар мен өзге де нысандардың қабырғаларын – жалпы көлемі 1000 шаршы метрге жуық беткейді суреттерімен айшықтады

3
Кейбір суретшілер үйдің биік тұсына сурет салғанда автокранның көмегін пайдаланды

4

5
Татарстан президенті Рустам Минниханов (сол жақта) және Қазан қаласының әкімі Ильсур Метшин (оң жақта) граффити фестивалінің барысымен танысты.

6
Ұйымдастырушы Анастасия Закирова қандай сурет салуды көрмеге қатысушылардың өздері ұйғарғанын, оларға ешқандай ұсыныс, нұсқау болмағандығын айтады

7

8
Орталық мешітке таяу су тоғанының жағалауындағы қабырғаға салынған фреска.

9

10

11

12

13

14