Accessibility links

Зүлфия Чиншанло олимпиада чемпионы атанды


Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанлоның жеңген сәті. Лондон, 29 шілде 2012 жыл
Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанлоның жеңген сәті. Лондон, 29 шілде 2012 жыл
Лондонда өтіп жатқан жазғы олимпиадалық ойындарда қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло 29 шілде күні алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында 53 килограмм салмақта сайысқа шыққан спортшы әлем рекордын жаңартты.

Чиншанло жұлқа және серпе көтеру бойынша жалпы көрсеткішті 226 килограмға бір-ақ жеткізді. Бұл салмақ бойынша күміс жүлдені тайпейлік, ал қола медальді румын ауыр атлеті жеңіп алды.

Зүлфия Чиншанлоның жеңісінен кейін Қазақстан бір сәтке жалпы командалық есепте төртінші орынға көтерілді.
XS
SM
MD
LG