Accessibility links

АЙТЫСТЫҢ ФИНАЛЫ: Әуелхан мен Дінмұхаммед (Сарыбала)


Бірінші Чат-Айтыстың финалистері - Әуелхан Шонжан (оң жақта) мен Дінмұхаммед Ілесбеков
Бірінші Чат-Айтыстың финалистері - Әуелхан Шонжан (оң жақта) мен Дінмұхаммед Ілесбеков
Азаттық сайтында өтіп жатқан Бірінші Чат-Айтыстың финалында Әуелхан Шонжан мен Дінмұхаммед Ілесбеков (Сарыбала) сөз сайыстырды. Финал қазанның 30-ы күні өтті. Дауыс беру қарашаның 2-сі күні түскі сағат 14.00-де тоқтады. 695 - 211 есебімен Дінмұхаммед Ілесбеков (Сарыбала) жеңіске жетіп, Азаттықтың бірінші Чат-Айтысының чемпионы атанды.

Әуелхан Шонжан қайым айтыстың алғашқы кезеңінде қарағандылық Амангелді Құрақбаймен сөз жарыстырып, 16-39 есебімен жеңіске жетсе, екінші айналымда алматылық Нағашыбай Есмырзаевты 31-13 есебімен қапы қалдырған болатын.

"Азаттықты қалт жібермей қарап отыратынын" айтқан шымкенттік Әуелхан Шонжан жартылай финалда Тұрсынбай Жайымбетовтен оқырмандар берген дауыс бойынша 90-78 ұпай санымен финалға өтті.

Әуелханның қарсыласы Сарыбала жартылай финалда Шыңғыс Маманды 193-160 ұпай санымен қапы қалдырды. «Егер жеңіске жетсем, шын атымды айтамын» деген Сарыбала уәдесінде тұрып, бүгін өзінің аты-жөнін жария етіп отыр. Алматыдағы мемлекеттік мекемелердің бірінде қызмет істейтін Сарыбаланың толық аты-жөні – Дінмұхаммед Ілесбеков.

Финалдың алдында жартылай финалдардың шолуын тағы бір қарап шығуларыңызға болады.

Құрметті оқырмандар, Чат-Айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Финалдың қорытындысы үш күннен кейін жария болады. Жеңімпаз Азаттықтың бағалы сыйлығына ие болады. Ал финалға шыққан екінші сайыскер мен жартылай финалға шыққандарға Азаттықтың арнайы жүлделері табыс етіледі.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
XS
SM
MD
LG