Әлемдегі және Азаттық радиосы тарайтын елдердің өміріндегі ерекше сәттерді бейнелейтін фотосуреттер галереясын көріңіздер. (Фотогалереяны дайындаған - Руслан Меделбек).
Бүгінгі фото

1
Құсбегілердің «Сонар 2013» жарысына келген бүркітші мен құсы. Алматы облысы Райымбек ауданы, 23 ақпан 2013 жыл. (Reuters/Shamil Zhumatov)

2
Украин оппозициясы белсендісі саяси репрессияға қарсы шеруде ел президенті Виктор Янукович бейнеленген масканы киіп жүр. (AFP / Sergei Supinsky)

3
Ресей тенннисшісі Мария Шарапова 2013 жылғы "Оскар" жүлдесін тапсыру салтанатында. (Reuters / Danny Moloshok)

4
Актер Жерар Депардье Шешенстанның Грозный қаласының әуежайында дәстүрлі орыстың "ушанка" малақайын киіп тұрған сәті. Актер Ресейде фильмге түсуді жоспарлайды. Депарьде Францияда өнер адамдарына салынатын салықтың көбеюуінен кейін Ресей азаматтығын алған еді. (Reuters/Rasul Yarichev)

5
Камфуляж киген әзербайжан балалары Ходжалы оқиғасының 21 жылдығына арналған шараға қатысып тұр. 1992 жылы Таулы Карабахтағы Ходжалы шаһарына армян әскерлері шабуыл жасап, 613 адам қайтыс болған. Бұл оқиғаны Әзербайжан үкіметі "геноцид" деп атады. (AFP/Tofik Babayev)

6
Беларусьтің Минск қаласынан 95 километр қашықтықта орналаскан Лапиши ауылының маңындағы жолда қақталған балық сатып отырған ер адам. (AFP/Viktor Drachev)

7
Самара қаласындағы татар жастарының би кеші. (RFE/RL)

8
Йеменнің бұрынғы президенті Али Абдалла Салехті жақтаушылар билік ауысуының жылдығы шарасында. Елді 33 жыл басқарған Салех 2011 жылы ақпанда қызметінен кеткен еді. (AFP / Mohammed Huwais)

9
Альпі тауындағы Флумсерберг аймағында аспалы жолмен көтеріліп бара жатқан шаңғышылар. (Reuters/Arnd Wiegmann)

10
Германияның оңтүстігіндегі Шлухзее көліне түсіп кеткен автокөлікті құтқарушылар жағаға шығарып жатыр. Полицияның мәліметінше, көлікте адам болмаған. (AFP/Patrick Seeger)

11
Үндістандық құлақ тазалаушы Сунил Кумар Амритсаре қаласының маңында клиентінің құлағын тазалап отыр. Үндістанда құлақ тазалау қызметі танымал. (AFP / Narinder Nanu)

12
Палестиналық балықшылар Газа қаласының маңындағы жағажайға шығып қалған балықтарды жинап жүр. (AFP/Mohammed Abed)

13
Qantas ұшағы Квинстаун қаласында өткен, крикеттен Жаңа Зеландия мен Англия ойыншыларының арасындағы матч кезінде спортшылардың үстінен ұшып бара жатыр. (AFP / Marty Melville)

14
Сингапурде өткен BeautyAsia сән шоуына қатысушы. Үш күндік мереке сән саласындағы жаңа үлгілерді ұсынды. (AFP/Roslan Rahman)

15
"Боб Баркер" кемесі (оң жақта) мен жапониялық кит аулайтын кеменің Антарктика маңында соқтығысып қалған сәті. (AFP/Institute of Cetacean Research)

16
Папа Бенедикт XVI желтоқсанның 27-сі күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында өзінің соңғы уағызын оқыды. (AFP/Tiziana Fabi)

17
Папа Бенедикт XVI желтоқсанның 27-сі күнгі соңғы уағызынан кейін халықпен қоштасып, кетіп бара жатыр. (AFP/Gabriel Bouys)

18
Жапонияның Осака қаласының тұрғыны Мисао Окава әлемдегі ең кәрі әйел ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. 1898 жылы туған Окава биылғы наурыз айының 5-і күні 115-ке келеді. (Reuters/Kyodo)

19
Македония астанасы Скопьеден 60 километр жерде орналасқан Свети Николе қалашығындағы су тасқынынан кейін үйіндегі заттарын сыртқа шығарып жатқан тұрғын. (AFP/Robert Atanasovski)

20
Германияның оңтүстігіндегі Зеефель сиыр фермасы. (AFP/Victoria Bonn-Meuser)

21
Құтқарушылар бригадасы Египеттің Луксор қаласында болған әуе шарының жарылысынан қаза тапқан туристің мәйітін көтеріп жатыр. Бұл оқиғадан 19 еуропалық және азиялық турист қайтыс болды. (Reuters)

22
Абаиед деген 6 жастағы ит арнайы екі аяқты арбаның көмегімен жүреді. Оған бұл аппаратты Иорданияның Амман қаласындағы жануарларды қорғау орталығы орнатқан. Ит омыртқасына екі жыл бұрын оқ тиіп жүре алмай қалған еді. (Reuters/Ali Jarekji)

23
Германия Берлин қаласындағы Рейхстаг алдында орнатылған тапаншаның ескерткіші. Авторы - швед суретшісі Карл Фредерик Рейтерсваерд. Ескерткіш Германиядағы қару саудасына қарсылық ретінде орнатылған. (REUTERS / Fabrizio Bensch)

24
Сібірдегі Красноярск қаласындағы "Красцветмет" зауыты 99,99 пайыз таза алтын алды. (Reuters/Ilya Naymushin)

25
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейг. Бұл Джон Керридің мемлекеттік хатшы ретінде шетелге жасаған алғашқы сапары. Лондон, (Reuters/Suzanne Plunkett)