Accessibility links

Ахмединежад сотқа шақырылды


Иран президенті Махмуд Ахмединежад (сол жақта) пен парламент спикері Әли Лариджани.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад (сол жақта) пен парламент спикері Әли Лариджани.
Иран үкіметінің ресми веб-сайты өкілетті мерзімі аяқталуға жақын президент Махмуд Ахмединежад 26 қарашада сотқа шақырылғанын хабарлады.

dolat.ir веб сайтының хабарлауынша, Ахмединежад сотқа парламент спикері Әли Лариджани мен басқа да адамдардың арызы бойынша шақырылған.

Ахмединежад пен Лариджани арасы араз еді. Ақпан айында Ахмединежад Лариджанидің отбасын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар және билікті теріс мақсатта пайдаланды деп айыптаған еді.

Ахмединежад парламент сессиясының отырысында Әли Лариджанидің ағасы Фазел Лариджани мен үкімет өкілінің арасында болған әңгіме деп аудио жазбадан үзінді көрсеткен еді. Онда Ахмединежад Фазел Лариджаниді заңсыз бизнес келісім-шартына қолдау көрсетіп, пара алмақ болды деп айыптаған.

Парламентті 2008 жылдан басқарып келе жатқан Әли Лариджани Ахмединежадтың көбінесе экономикалық саясатын сынап жүреді.
XS
SM
MD
LG