Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше алты елдің қорғаныс министрлері бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте кездесу өткізіп жатыр. Кездесулердің алғашқы ақпараттарына қарағанда, министрлер келесі жылдың соңында Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейінгі әскери ынтымақтастықты күшейту мәселесін талқылап отыр.
Қырғызстан қорғаныс мниистрі Талайбек Өмірәлиев "қазіргі заманғы проблемалар мен қауіп-қатерлерге" қарсы тұру жолдары сөз болғанын айтады. Ресей шекара қызметінің басшысы Владимир Кулишов ондай мәселелер қатарына терроризм, сепаратизм және экстремизм, заңсыз есірткі айналымы, трансшекаралық қылмыстық топтармен күресті қосады.
Министрлер жиын соңында 2014-2015 жылдарға арналған бірлескен ынтымақтастық жоспарын жария етпек.
ШЫҰ 2001 жылы құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.