Accessibility links

Назарбаев Иранға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран ислам республикасына барғаны туралы бүгін президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңадан сайланған Иран президенті Хассан Роуханидың ұлықтау рәсіміне қатысуы және онымен екіжақты кездесу өткізуі жоспарланған» делінген Қазақстан президентінің ресми сайтындағы ақпаратта.

Тегеранда 4 тамызда Хассан Роуханидің президенттік инаугурациясы өтеді. Иранның жаңадан сайланған президенті парламент мүшелері мен осы шараға арнайы шақырылған 50-ден аса мемлекеттің ресми өкілдері алдында ант бермек.

64 жастағы Роухани Иранда биыл өткен президент сайлауында дауыс берген сайлаушылардың 50,7 пайызының қолдауына ие болған.
XS
SM
MD
LG