Accessibility links

Египет үкіметі саяси топтарға келісуге уақыт берді


Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар Каир университетінің маңы мен Нахдет Миср алаңында наразылық танытып тұр. Египет, 2 тамыз 2013 жыл.
Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар Каир университетінің маңы мен Нахдет Миср алаңында наразылық танытып тұр. Египет, 2 тамыз 2013 жыл.
Египеттің уақытша үкіметі дүйсенбіде бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің биліктен шеттетілгеніне байланысты туындаған дағдарысты шешу үшін саяси топтарға келіссөздер жүргізуге мұрсат беретінін хабарлады.

Бірақ уақытша үкімет мұрсат мерзімі шектеулі екенін ескертті. Өйткені Мурсиді қолдайтындар Каир алаңында наразылық акцияларын өткізіп жатыр.

Ал Каир соты Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысының басшысы мен тағы екі шенеунік алдағы аптада сотқа тартылатынын хабарлады. Оларға Мурси биліктен шеттетілгенге дейінгі "наразылық шерулері кезінде адам өліміне әкеп соқтырған арандатушылық жасады" деген айып тағылған.

Бұл сот процесі Египеттегі саяси топтардың бітімге келіп, саяси диалогтар орнатуына кедергі болуы мүмкін.

Египеттің мемлекеттік МЕНА ақпарат агенттігі Батыс және араб елдері елшілерінің дүйсенбіде "Мұсылман бауырлар" жетекшісінің қамаудағы орынбасары Хейрат әл-Шатермен кездескенін хабарлады.

Шілденің 3-і күні әскерилер Египеттегі үкіметке наразылық шерулері кезінде Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттетіп, жаңа сайлау белгілеген. Ал 26 шілдеде Мурси "палестиналық ХАМАС тобымен байланыс орнатты" деген күдікпен 15 күнге қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG