Accessibility links

Бо Силайдың соты соңына таяды


Бүгін Қытайда Қытай коммунистік партиясы аймақтық басшыларының бірі, Чунцин қаласының бұрынғы басшысы Бо Силайдың үстінен жүріп жатқан сот аяқталмақ. Оған "сыбайлас жемқорлық жасады" және "билікті асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.

Шаньдун провинциясында 22 тамызда басталған сотта үкім дүйсенбіде жария етіледі деген болжам бар.

Шетел журналистері сот залына кіргізілмеді. Бірақ сот залынан ақпарат соттың Twitter желісіндегі парағында ресми түрде хабарланып жатыр.

Қытайдың болашағы бар саясаткерлердің бірі саналып келген Бо Силайдың сотына халықаралық қауымдастық ерекше назар аударып отыр.

Чунцин қаласындағы жұмысында коррупцияға қарсы қызметімен танылған Бо Силай Қытай компартиясының тұрақты саяси кеңесіне мүшелікке басты үміткер болған.

Бо Силайдың айыпталуы Қытайда соңғы бірнеше жылдағы ең ірі саяси жанжал болды. Сол даудан соң Қытайда саяси бюроның бірталай басшысы қызметінен кеткен.
XS
SM
MD
LG