Азаттық 26 - 30 тамыз аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
26 – 30 тамыз 2013 жыл

1
Қырғызстан 15 жастағы жасөспірімнің обадан өлгені анықталған соң өте қауіпті дертке қарсы егу жұмыстарына кірісті. Қырғзстанмен көрші Қазақстан да обадан сақтану шараларын қолға алды.

2
Әзербайжан орталық сайлау комиссиясы 27 тамызда оппозициядан ұсынылған ортақ үміткер режиссер Рустам Ибрагимбековты ел президенттігіне кандидат етіп тіркеуден бас тартты.

3
АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбіде 1963 жылы 28 тамызда құқық қорғаушы Мартин Лютер Кингтің АҚШ тарихында нәсілдер арасындағы жағдайға түбегейлі бетбұрыс әкелген әйгілі сөзін сөйлеген Вашингтондағы Линкольн ескерткішінің алдында тұрып, "Вашингтон маршы" бейбіт шеруіне 50 жыл толу құрметіне орай сөз арнады.

4
Ресей полициясы Санкт-Петербургтегі шағын жекеменшік галереядан төрт әжуа суретті тәркілеп әкетті. Олардың бірінде бет-әлпеті Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведевке ұқсайтын әйел кейпіндегі екі адам жартылай жалаңаш күйінде бейнеленген.

5
Беларусьтегі тіркелмеген «Молодой фронт» саяси қозғалысының жетекшісі Дмитрий Дашкевич түрмеден босатылды. Ол 2010 жылы желтоқсанда президент сайлауына бір күн қалғанда ұсталып, «қысас басбұзарлық жасаған» деген айыппен 2011 жылы наурызда 2 жылға сотталған еді.

6
Ирак астанасы Бағдадтың бірнеше ауданында болған жарылыстар салдарынан 60-ға тарта адам мерт болып, 100-ден аса адам жараланған.

7
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сирияда химиялық қару қолданылғанын айыптайтын және Башар Асадтың режиміне қарсы бірқатар санкциялар енгізуді көздейтін Ұлыбритания ұсынған қарарды талқылап, ортақ шешімге келе алмады. Қарарға Ресей қарсылық білдірді.
Суретте: БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ-тың өкілі Саманта Пауэр. Нью-Йорк, 29 тамыз 2013 жыл.
Суретте: БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ-тың өкілі Саманта Пауэр. Нью-Йорк, 29 тамыз 2013 жыл.

8
29 тамызда Қазақстан сыртқы істер министрлігі азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирияда консулдық есепке алынған 19 Қазақстан азаматы қалып отырғанын хабарлады.
Суретте: Күрдтерді қорғау комитетінің қарулы жасағы Дерик қаласынан 30 шақырымдай жерде тұр. 28 тамыз 2013 жыл.
Суретте: Күрдтерді қорғау комитетінің қарулы жасағы Дерик қаласынан 30 шақырымдай жерде тұр. 28 тамыз 2013 жыл.

9
Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасы Глазго қаласында өткен Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінің қарымта кездесуінде шотландиялық «Селтик» футбол клубынан 0:3 есебімен ұтылды. Сарапшылар «Шахтердің» топтан шығар әлі бар дейді. Қарағандылық команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде AZ, PAOK және Maccabi Haifa клубтарымен ойнайтын болды.

10
АҚШ-та Бостондағы жарылысқа байланысты сот ісіндегі негізгі айыпкер Джохар Царнаевтың танысы - АҚШ азаматы Робел Филлипосқа «тергеуге кедергі келтірген» деген айып тағылды. Оған тергеушілерге берген жауабында Бостон марафонындағы терактіден кейін Царнаевтың екі досы - қазақстандық Диас Қадырбаев және Азамат Тәжаяқовпен бірге студенттік жатақханадағы Царнаевтың бөлмесіне кіргенін жасырып қалғаны үшін айып тағылып отыр.