Азаттық 2 - 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
2 — 6 қыркүйек 2013 жыл

1
Қазақстанның білім және ғылым министрі болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды. Бұған дейін Назарбаев университеті атқару кеңесінің төрағасы болған Сәрінжіпов министр қызметін 2010 жылдың қыркүйегінен бері атқарған Бақытжан Жұмағұловтың орнына келді.

2
Грузияның Телави қаласында екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументтің жанына СССР басшысы Иосиф Сталинге қайта қойылған ескерткішті ашылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң біреулер бүлдіріп кетті.

4
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Сириядағы азаматтық соғыстан босып, бас сауғалаған адамдардың саны 2 миллионға жеткенін хабарлады. Суретте: Ирактағы сириялық босқындарға арналған лагерь.

5
Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) Ресей, Қазақстан және Беларусь құрған Кеден Одағына өз елінің де қосылуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Еуропа Одағы бұндай жағдайда Арменияның ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға мүмкіндігі азаятынын ескертті.

6
Мәскеуде қуғындағы қазақ олигархы Мұхтар Әблязовтың адвокаты Елена Тищенко тұтқындалды, ол "Қазақстаннан заңсыз шығарылған 3 миллиард АҚШ долларына" қатысты іс бойынша қамалып отыр.

7
Риддер қалалық соты "діни араздық қоздырды" деген айып бойынша жарты жылға жуық уақыт қамауда отырған журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламовты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға шешім шығарды.

8
Санкт-Петербургте әлемдік экономиканың 90 пайыз үлесіне ие дамыған және дамушы 20 елдің (G-20) саммиті басталды. Суретте: саммитке қатысушы кейбір елдердің басшылары.

9
Индонезияның бірнеше қаласында осы елде «Әлем аруы» шоуын өткізуге қарсылық білдірген жүздеген исламшы наразылық акцияларына шықты. Ол аталған байқауды әдепсіз және порнографиялық шара деп санайды.

10
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Саманта Пауэр (суретте) Ресейді "Сирияға қарсы шешім қабылдауға кедергі келтіріп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін кепілде ұстап отыр" деп сынады. АҚШ Сирия билігін "химиялық қару қолданған" деп айыптап отыр.