Accessibility links

Еуролига: «Шахтер» алғашқы ойында ұтылып қалды


Қарағандының "Шахтер" футбол клубы. Көрнекі сурет
Қарағандының "Шахтер" футбол клубы. Көрнекі сурет
Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасы Грекияның Салоники қаласында өткен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында жергілікті «PАОК» командасынан 1:2 есебімен жеңілді.

Матчтың 50-минутында грек футболшылары өз айып алаңында «Шахтердің» ойыншысы Роджер Каньясты шалып жығып, төреші пенальти белгілеген. Пенальтиді тепкен колумбиялық легионер Каньяс доп салып, «Шахтерді» 1:0 есебімен алға шығарды.

Бірақ 74-минутта «РАОК» командасынан Стефанос Атанасиадистің соққан голы есепті теңестірді. Ал 90-минутта «РАОК» ойыншысы Званимир Букич «Шахтердің» қақпасына екінші голды салды.

«Шахтер» Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі келесі ойынын 10 қазанда Астанада Израильдің «Maccabi Haifa» командасымен өткізеді.

Футболдан Қазақстан чемпионы «Шахтер» командасы жарысты чемпиондар лигасының іріктеуінен бастаған. Іріктеудің плей-офф кезеңінде шотландиялық «Celtic» командасын Астанада 2:0 есебімен ұтқанымен, Глазгода 0:3 есебімен жеңіліп, чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмаған еді.

УЕФА ережесі бойынша плей-офф кезеңінде жеңілген команда бірден Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеді.
XS
SM
MD
LG