Accessibility links

Ауғанстан халықаралық әскердің шығуына дайын


Ауғанстан сыртқы істер министрі Залмай Расул.
Ауғанстан сыртқы істер министрі Залмай Расул.
28 қыркүйекте Ауғанстанның сыртқы істер министрі "елдің халықаралық әскердің шығуына дайын екенін" мәлімдеді.

БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөз сөйлеген Ауғанстан сыртқы істер министрі Залмай Расул "елдегі терроризм мен экстремизм қаупі әлі де жойылмай отырғанын" айтты.

Залмай Расул "Ауғанстанда қақтығыстар болып келе жатқанына 30 жылдан асқанын, 2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық әскердің "Талибан" билігін құлатқанын, бұл оқиға Ауғанстанға мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен демократияға ұмтылуға мүмкін бергенін" айтып өткен. Ол:

- Қазір біздің 350 мыңнан астам кәсіби сарбаздарымыз бен полицейлеріміз бар. Олар ауған халқының қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті мойындарына алып отыр. Халықаралық әскер ел ішіндегі қауіпсіздікті қадағалау ісін 2011 жылдың жазында Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштеріне тапсырды. Халықаралық әскер 2014 жылдың аяғында елден шығып кетеді, - деген.

Расул Ауғанстан үкіметінің "Талибан" қозғалысымен бейбіт келіссөздер жүргізіп, бітімге келуді көздеп отырғанын айтты.

- Ауғанстан үкіметі ұлттық қауіпсіздік күштерін нығайтумен қатар, "Талибанмен" келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл келіссөздердің сүйенетін қағидалары белгілі. Олар: әйелдер мен ерлер құқықтарының тең қорғалуына мүмкіндік беретін Ауғанстан конституциясын құрметтеу, кейінгі 12 жылда жеткен жетістіктерді сақтап дамыту, бейбіт халыққа күш қолданудан бас тарту, - деді ол.
XS
SM
MD
LG