Accessibility links

Киевте Тәуелсіздік алаңына қайта жиналды


Киев Майданы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

ВИДЕО: Киевтің Тәуелсіздік алаңына (Майдан Незалежности) ондаған мың адам наразылық шеруіне шықты. 1 желтоқсан 2013 жыл.

1 желтоқсанда Украина астанасындағы Тәуелсіздік алаңы қайтадан мыңдаған адамға толды. Наразылардың бір тобы президент әкімшілігі ғимаратына кіруге әрекет жасап, милициямен қақтығысты.

Жексенбі күні Тәуелсіздік алаңымен бірге Еуропа алаңы мен Крещатик көшесі де мыңдаған адамға толды деп хабарлайды Азаттық тілшілері.

МАЙДАН

Билікке наразылық білдірген ондаған мың адам Тәуелсіздік алаңына кешеден бері алаңға ешкімді жібермей тұрған милиция қоршауын бұзып өткен. Алаңды күзетіп тұрған милицияның арнайы жасағы («Беркут») оларға қарсылық көрсетпей алаң маңынан кетіп қалған.

Алаңға жиналғандар «Украина!», «Революция!» деген ұрандарды біріге айғайлады. Киев ішкі істер басқармасының ресми өкілі сот шешіміне қарамастан Тәуелсіздік алаңындағы жағдайға милиция араласпайды деп мәлімдеген. Бұған дейін Киев соты 1 желтоқсаннан бастап 7 қаңтарға дейін Тәуелсіздік алаңында шерулер өткізуге тыйым салатын шешім шығарған еді.

Президент әкімшілігі ғимараты жанында шерушілер мен милиция қақтығысы. Киев, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Президент әкімшілігі ғимараты жанында шерушілер мен милиция қақтығысы. Киев, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Президент әкімшілігі ғимараты маңында милиция наразы топқа қарсы көзден жас ағызатын газ шашып, екі жақ қақтығысып қалған. Жергілікті телеарна бет-жүзін жасырған жас адамдардың милицияның «Беркут» арнайы жасағына тас лақтырып жатқанын көрсетті.

Оппозиция өкілдері жиналған жұртты арандатуға бармауға, милицияға шабуыл жасамауға шақырды. Наразылық білдірушілердің бір тобы Киев қалалық мэриясына кірген.

Киевке Украинаның басқа қалаларынан адамдар келіп жатқаны хабарланды.

Киевтегі наразылық жиынында сөйлеген Украина оппозициясының жетекшілері Виталий Кличко («УДАР» партиясы), Арсений Яценюк («Батькивщина») және Олег Тягнибок («Свобода») елде кезектен тыс президент жжәне парламент сайлауларын өткізу туралы талаптар айтты.

Оппозиция Киевтің орталығында бірнеше жүз мың адам шыққанын хабарлады.

Бұған дейін Украина оппозициясы «ұлттық жиын» (вече) өткізетіндерін мәлімдеген еді.

Киевтегі президент әкімшілігі ғимараты жанындағы оқиға:

Билік кеңсесіне келгендер
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

КҮШПЕН ТАРҚАТУ

Сенбіде Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Еуропа Одағымен ассоциация келісімін жасаудан бас тартқан биліктің шешіміне наразылар шеруін милицияның арнайы жасағы күшпен тарқатты. Куәгерлердің айтуынша, милиция алаңда тұрғандарды резеңке таяқпен сабап, ондаған адам жарақат алған.

Украина президенті Виктор Янукович Тәуелсіздік алаңында болған оқиғаға «қатты қапалы» екенін мәлімдеп, бас прокуратураға «кінәлілерді анықтап, жазалауды» тапсырды.

Киевтің орталығындағы алаң. Украина, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Киевтің орталығындағы алаң. Украина, 1 желтоқсан 2013 жыл.
Бас прокурор Виктор Пшонка милиция арнайы жасағының іс-қимылына қатысты «алаңдағы әрбір минут» мұқият зерттелетінін айтты. Сонымен бірге бас прокурор наразылық білдірушілер алаңда заңды негізде тұрғанын мойындады. Бүгін Киев полициясының басшысы Валерий Коряк отставкаға кету туралы өтініш бергені хабарланды.

Украина ішкі істер министрі Виталий Захарченок сенбі күні Тәуелсіздік алаңында милицияның асыра күш қолданғаны үшін жексенбіде кешірім сұрады.

Үкімет жетекшісі Николай Азаров Киевтегі наразылыққа қатысты «1+1» телеарнасына сұхбатында: «Егер шерушілер ззаң шеңберін бұзып, елдегі жағдайды шайқалтатын болса олар іс-әрекеттері үшін жауап беретін болады» деген.

АҚШ сенбі күнгі Киевтегі бейбіт жиынға күш қолдануды айыптады.
XS
SM
MD
LG