Accessibility links

Жолдаудан жылдағыдай тікелей трансляция жасалмады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауын оқып жатыр. Алайда Назарбаевтың биылғы жолдауы жылдағыдай тікелей трансляция арқылы көрсетілмеді.

Қазақстан президенті баспасөз қызметі Азаттыққа «жолдаудан тікелей трансляция жасалмайтынын, кешкісін 21:30-да бір сағаттық арнайы репортаж ретінде «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» корпорациясы құрамына кіретін телеарналар арқылы көрсетілетінін» айтты.

Президенттің баспасөз қызметі жолдаудың тікелей эфирге шықпау себебін түсіндіруден бас тартты.

«Қазақстан» телеарнасы мен «Хабар» агенттігі сайттарындағы телебағдарламалар кестесінде президент жолдауы қаңтардың 17-сі күні кешкі 21:30-да «Арнайы хабар» ретінде көрсетілетіні жазылған. Мемлекеттік телеарналар жолдаудың үзінділерін ғана көрсетіп жатыр.

Қазақстан президенті халыққа жолдауын жылда парламентте оқитын. Назарбаев бұл жолғы жолдауын Астанадағы Тәуелсіздік сарайында жариялады. Қазақстан президенті биылғы жолдауын «Қазақстан – 2050» стратегиясының орындалу мәселелеріне арнады.

Қазақстан президенті 1997 жылы қазанның 16-сы күні алғашқы жолдауын жарияласа, мұның алдындағы жолдауын 2012 жылы желтоқсанның 14-і күні оқыды. Бүгінгі - Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа 18-жолдауы.
XS
SM
MD
LG