Accessibility links

Қазақ тілі сынағынан өткен президенттің бірден орысшасы көбейеді


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті "Нұр-Отан" партиясының съезінде. Астана, 11 ақпан 2011 жыл
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті "Нұр-Отан" партиясының съезінде. Астана, 11 ақпан 2011 жыл

2011 жылғы сәуірдің 3-і өтетін сайлауда президенттіктен үміткер үш адам мемлекеттік тіл бойынша сынақ тапсырып үлгірді. Бұлардың ішіндегі екі үміткер емтиханнан өтсе де, өтпесе де наразы күйі қалып отыр.


Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан республикасының президенті болуға үміткердің мемлекеттік тілді еркін білуін анықтайтын лингвистикалық комиссияны 2005 жылғы тамыздың 31-інде құрған. Бірнеше заң, қаулы, ережеге жүгіне отырып құрылған комиссия үміткердің тіл білуін тексергенде конституцияның 41-бабының 2-тармағына («Республика Президентi болып... мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген... Республика азаматы сайлана алады») сүйенеді.

Комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін азаматтың қажетті құжаттарды ОСК-ға тапсырған сәтінен бастап, 5 күн ішінде анықтайды.

Кандидаттар комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі 2 беттен аспайтын шығарма жазады; дайын конвертті ашып, ондағы көлемі 3 беттен аспайтын прозалық мәтінді (немесе 2-3 өлеңді) оқиды; еркін тақырыпта өз ойын білдіреді.

ӨТКЕН ДЕ, ӨТПЕГЕН ДЕ СЫНАҚ ШАРТТАРЫНА КҮМӘНДАНАДЫ

Сынақтан өтпей қалған үміткер Уәлихан Қайсардың ойынша, комиссия өзінің «қазақ тілінде қалай сөйлейтініне қарамаған».

– «Халықаралық ынтымақтастық туралы ашық жеткізіп айтқан жоқ» деді. Айттым. Бірақ, менің ойымша, бұл – саясат. Бұл – Ақордадан келген тапсырма, лингвистикалық комиссия соны орындап отыр, – дейді президенттікке үміткер Уәлихан Қайсар.
Қазақстанның бүгінгі күні тілді білуге ұмтылып жатқан белгілі бір ұмтылыстарының куәсі бола алады.

Лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы өздері жайлы «саяси тапсырма орындап отыр» деген пікірмен келіспейді. Ол комиссия құрамында бәлен-түген деген белгілі ғалымдар бар деп, бәрін санамалап айта келіп, «бұның барлығы да [комиссияның] біліктілігін көрсетеді» деп түйді.

– Оның шығарамасынан қате тапқаны, оны комиссия басшысының көрсеткені бүкіл ақпарат құралдарына [жарияланды]. Өзі де куә болған шығар, – деген Дихан Қамзабекұлы үміткер Уәлихан Қайсар туралы «Қазақстанның бүгінгі күні тілді білуге ұмтылып жатқан белгілі бір ұмтылыстарының куәсі бола алады» деп мақтап өтті.

Уәлихан Қайсар Азаттық радиосы өткізген онлайн-конференцияда оқырман сұрақтарына жауап берген кезде: «Ақырына дейін заңшыл болса, ортақ сынақ өткізсін. Мысалы, ағылшын тілінің емтиханы (TOEFL) сияқты болсын» деген ой айтты.
Қосымша сұрақтар – рухани бағыттағы сұрақтар.

Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, «жазба жұмысында өз ойын дұрыс жеткізе алатынын танытқан, бірақ бес қате жіберген, екінші тапсырма барысында Мағжан Жұмабаевтың үш өлеңін оқыған» Мұсағали Дуамбеков тіл сынағынан өткен.

Бірақ үміткердің өзі комиссияның жұмысына разы болмай шықты. «Емтиханның өткізілу барысына қарасақ, ол қазақ тілін білу, не білмеу емес...» деген Мұсағали Дуамбеков тіл біліміне қатысы жоқ, тарихқа байланысты сауал қойылғанын айтады.
Мемлекеттік тілді қолдау жиыны. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жыл

– Емтихан тіл деңгейін емес, тарихты білу-білмеу деңгейінде болды. Әрине, тілдің деңгейін тексеру форматына мына лингвистикалық комиссияның талаптары келмейтін сияқты, – дейді ол.

Ал лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы үміткер Дуамбековтің тіл білу деңгейін анықтау үшін қосымша сауалдар қойылғанын айтады.

– Қосымша сұрақтар – рухани бағыттағы сұрақтар. Қазақтың тарихы, қазақ тілінің жағдайы, мемлекеттің жағдайы, өзінің жеке бағдарламасына байланысты сұрақтар қойылды, – дейді комиссия мүшесі.


ТІЛ СЫНАҒЫНАН ЖЕЛІП ӨТЕТІН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗ ҚАЗАҚШАСЫ ҚАЛАЙ?

Қазақстан президенті Назарбаевқа бұл сынақ таңсық емес. Ол үміткерлердің мемлекеттік тіл білуін тексеретін емтиханды 2005 жылғы президенттік сайлауға түсерде бір рет тапсырған. «Қазақ тілін білуге керек бар талапты орындап, жақсы баға алып шықтым» деген еді Назарбаевтың өзі. Ақпанның 11-і ол өзін президентікке қайыра ұсынған «Нұр-Отан» партиясының съезі аяқтала салысымен, бас-аяғы бірнеше сағат ішінде һәм тіркеліп, һәм тіл емтиханын тапсырып үлгірді.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілін еркін меңгергенін комиссияға дәлелдеген, 2005 жылы желтоқсанда қайтадан президент болып сайланған Назарбаев содан бері жұрт алдына шыққанда, халыққа жолдау оқып, үндеу жасаған кезде екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) сөйлеп келді. Төмендегі кестеде Қазақстан президентінің әр жылдағы жолдауы кезінде қазақ және орыс тілдерінде қанша сөз айтқаны, олардың пайыздық үлесі көрсетілген.

Жолдау жылыҚазақша сөз саныОрысша сөз саныҚазақша үлесіОрысша үлесі
20066323639549.7%50.3%
2007570111644.6%95.4%
20081000366021.4%78.6%
2009460311812.9%87.1%
2010852453315.8%84.2%
2011611327815.7%84.3%

Қазақстан президентінің ел алдында соңғы рет тікелей эфирде сөйлеген кезі – қаңтардың 31-і күнгі үндеуі. Онда Назарбаев Қазақстан республикасы тұңғыш президентінің өкілеттігін ұзарту турасында референдум өткізу мәселесіне қатысты өзінің түпкілікті шешімін айтып, мерзімнен бұрын сайлау өткізуді жариялады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті парламентте сөйлеп тұр. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл

– Парламент депутаттары бұл заңды референдумды қолдау жөніндегі үндеуге қолдарын қойған 5 миллионнан астам қазақстандықтардың қалауларын басшылыққа ала отырып қабылдаған болатыны бізге белгілі. Бұл бастаманы мен өз жарлығыммен қабылдамай тастағанымды да білесіздер. Алайда парламент конституциялық өз құқығын пайдаланып аталған заңды қабылдады. Конституциялық кеңес парламент қабылдаған шешімді қарап, заңды констиуцияға сәйкес келмейді деп мойындады, – деген еді Қазақстан президенті.

Біз Қазақстан президентінің үндеуіндегі осы бір үзіндіні филология ғылымдарының кандидаты, лингвист маманға (аты-жөнін айтпауды өтінді) тілдік тұрғыдан талдатқан едік.
Назарбаевқа сауатсыздау спичрайтер кездескен сықылды.

– Бірінші сөйлем тым шұбалаңқы. Ол сөйлемде бір түбірден өрбіген екі сөз («қолдау», «қолдарын») қайталанған. Сан есімнен кейін келген зат есімге көптік жалғауы жалғанған («5 миллионнан астам қазақстандықтар»). Оған қоса стилистикалық тұрғыда қателік бар. «...қабылдаған болатыны бізге белгілі» деген тіркесті не «қабылдаған» деп, не «қабылдағаны белгілі» деп айтуға болар еді, – деп, бір сөйлемнен бірнеше қате тапты тілші-ғалым. Ол осы төрт сөйлемде «қабылдау» деген сөздің төрт рет орынсыз қайталанғанын да ескертті.

– Назарбаев ақын да емес, жазушы да емес, ол - саясаткер. Сондықтан қазақ халқы бұндай жағдайда сөздің сыртқы қолданысына емес, оның төркіні мен мағынасына көңіл бөлгені дұрыс. Дәл осы жағдайда Назарбаевқа сауатсыздау спичрайтер кездескен сықылды, – деп, президентті ақтады сөзінің соңында ғалым.

Айтпақшы, президенттікке үміткерлерді сынаққа салатын комиссия хатшысы Фаузия Оразбаеваның айтуынша, «лингвистикалық комиссияның мақсаты – кез-келген кандидаттың қазақ тілінде, мемлекеттік тілде әдеби нормамен өзінің ойын еркін жеткізуін бақылап, тексеру» екен.

ОРЫС ТІЛІНЕ ҚАРСЫ ТІЛ СЫНАҒЫ

Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді білу-білмеуін тексеретін сынақ бұрынғы Совет одағының орыс тілі үстемдік еткен елдерінің бірнешеуінде бар. Қырғызстанда да 2000 жылдан бері ел басқаруға үміткерлер қырғыз тілін қаншалықты меңгергенін арнайы комиссия алдында дәлелдеуі керек.

Қырғыз президенті боламын деген кандидат та 3 түрлі тапсырма орындайды: өзінің сайлау бағдарламасын үш бетке жазып береді; сол жазғанының негізгі мазмұнын 15 минут ауызша айтады; одан соң көркем шығармадан дауыстап үзінді оқиды.

Құрамында тоғыз адам бар комиссия үміткердің сауатына, сөздік қорына, сөйлеу мәнеріне және акцентіне назар аударады.

Қырғызстанда 2009 жылғы сайлауда екінші рет таққа мінген президент Құрманбек Бакиевтің тіл сынағын қалай тапсырғанын ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде көрсеткен.

Латвияда да бұрын президентке кандидат болған адам латыш тілінен сынақ тапсыратын. Бірақ Адам құқы жөніндегі Еуропалық кеңес осы сынаққа наразылық білдіріп, «бұл Адам құқы мен негізгі бостандықтарды қорғау туралы Еуропалық конвенцияның еркін сайлау туралы бабына қайшы» деп тапты.

Латвия 2002 жылдың мамырынан бері президенттікке үміткердің қайтсе де латыш тілін білуін талап етпейді. Енді кандидат бұл тілді қай шамада меңгергенін өзі жазады.
XS
SM
MD
LG