Сириядағы Хомс қаласында тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек апара жатқан екі жүк көлігі оқ астында қалып, төрт дәрігер зардап шеккен.
Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, сенбі күні Хомсқа гуманитарлық жүк жеткізбек болған көлікте «Қызыл жарты ай» қоғамының қызметкерлері болған. Оларға оқ жаудырды деп үкімет көтерілісшілерді айыптайды. Бірақ оппозиция «минометтен үкімет әскері атқылаған» деген қарсы уәж айтады.
Бұған дейін қаңтар айында БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахимидің ара ағайындық етуімен Швейцарияда өткен келіссөздерде Сирия билігі мен оппозициясы бір жарым жылдан бері президент Башар Асад күштерінің қоршауында тұрған Хомс қаласынан балалар мен әйелдердің кетіп қалуына мүмкіндік жасап, оқ атпауға келіскен еді.
Сирия үкіметі мен оппозициялық күштері арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші кезеңі Женевада ақпанның 10-ы күні басталады деп жоспарланған.