Accessibility links

Украина штабын басып алу


Украина штабын басып алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:13 0:00

Арасында «өзін өзі қорғау топтарының» мүшелері де бар жүздеген адам 19 наурызда Симферопольдегі Украина әскери-теңіз күштері штабы ғимаратын басып алып, оның төбесіне Ресей туын тікті. Ондағы украиналық әскерилердің тағдыры белгісіз қалып отыр – журналистерді штаб территориясына кіргізбей қойды. Reuters агенттігіне оқиға куәгерлерінің айтуынша, ғимаратты ресейшіл күштер басып алған соң оншақты украиналық әскери қызметкер ғимаратты тастап шыққан. Олар үстіне әскери емес, жай киім киген және қарулары болмаған. Reuters тілшісі штаб қақпасының алдында ешқандай айырым белгісі жоқ әскери киімдегі қарулы үш адам тұрғанын көрген. Жергілікті тұрғындар штаб аумағына бір бронетранспортер кіргенін айтады.

XS
SM
MD
LG