Accessibility links

БҰҰ-да Қырымға қатысты жиын өтті


Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 31 наурыз күні Қырымға қатысты бейресми жиын өткізді. Литваның бастамасымен өткен жиынға Қырым татарларының жетекшісі, бұрынғы совет диссиденті Мұстафа Жемилев те қатысты.

Литваның БҰҰ-дағы өкілі Рита Казрагиене жиында ұйым мүшелері Қырым татарларының азшылық құқықтары мен ақпарат алу құқықтарының бұзылуы туралы тыңдаған.

Қырымға әскер кіргізіп, түбекті аннексиялап алған Ресей қауіпсіздік кеңесінің бұл жиынына байкот жариялаған.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілдігі "жиын аймақтағы жағдайға шынайы баға беру үшін емес, көзбояушылық мақсатта ұйымдастырылған" деген мәлімдеме таратты.

Рита Казрагиене "Қауіпсіздік кеңесінің көптеген мүшелері Қырымда өткен референдумды заңсыз деп танитынын және оның Ресей құрамына қосылуын мойындамайтынын" айтады.
XS
SM
MD
LG