Accessibility links

Шекара қызметі экс-басшысы үкімге шағым берді


Астанадағы әскери сот ғимараты. (Көрнекі сурет)
Астанадағы әскери сот ғимараты. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі (ҰҚК ШҚ) директорының бұрынғы орынбасары Әлім Қасеновтің адвокаты Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған әскери соттың үкіміне келіспей, апелляциялық шағым түсірді деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

Бірақ апелляциялық алқаның шағымды қашан қарайтыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін, 2014 жылы 28 ақпанда Астананың ауданаралық мамандандырылған әскери соты Қасеновті Қазақстан қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-ші (Билікті теріс пайдалану), 311-бабының 5-ші (Аса ірі мөлшерде пара алу), 176-бабының 3-ші тармақтары (Сенiп тапсырылған аса ірі көлемдегі бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) бойынша айыпты деп танып, дүние-мүлкін тәркілеп, оның өзін 11 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі қамау мекемесінде өтеуге үкім шығарған еді. Сонымен бірге сот Хасеновті бес жыл мерзімге мемлекеттік органдарда жетекшілік қызметке тағайындалу мүмкіндігінен және «полковник» атағынан айырған.

Бұның алдында, 2012 жылы маусымда Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған әскери соты Хасеновті «шекара заставаларына күрделі құрылыс жұмыстарын өткізгенде билікті теріс пайдаланған» деп тауып, төрт жылға түрмеге кескен еді. Сот оны бес жыл мерзімге мемлекеттік органдарда жетекшілік қызметке тағайындалу мүмкіндігінен және «полковник» атағынан айырды.

Қазақстан шекара қызметі басшылығында коррупциялық қылмыс туралы жаңа айыптаулар биыл тағы қайталанды. 2014 жылы 13 ақпанда Астанада ҰҚК ШҚ директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Серік Әшімбаев «қызметін теріс мақсатта пайдаланған» деген күдікпен 11 сәуірге дейін қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG