Азаттық 7 - 12 сәуір аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Апта бейнелері: 7 - 12 сәуір

1
Украинаның шығысында Донецк облыстық әкімшілік үйін басып алған ресейшіл демонстранттар 7 сәуірде "егемен республика" құратындарын жариялады. Кейіннен олар өздері құрған республика Ресейдің құрамына кіретінін мәлімдеді. Киев Ресей президенті Владимир Путин мен Украинаның биліктен кетірілген бұрынғы президенті Виктор Януковичті елдің шығысындағы сепаратизмге дем беріп отыр деп айыптады.
Ресейшіл белсенділер Украинаның шығысындағы Луганск және Харьков қалаларында да билік кеңселерін басып алды.
Ресейшіл белсенділер Украинаның шығысындағы Луганск және Харьков қалаларында да билік кеңселерін басып алды.

3
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен 8 сәуірде Ресейге Украинаның шығысындағы облыстарға басып кіру әрекеті Мәскеу үшін "тарихи қателік" болады деп ескертті.
Парижде сөйлеген Расмуссен Ресейдің Украина ішкі ісіне бұдан ары да араласуы Мәскеу мен НАТО-ның қарым-қатынастарына "ауыр зардап келтіретінін" және Ресейдің халықаралық қауымдастықтан оқшаулана түсуіне әкеп соқтыратынын айтты.

4
8 сәуірде Қазақстан көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясында ұшу қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілгенін тексеру басталғанын хабарлады. Бұл тексеруді осы әуе компаниясының ұшақтары тап болатын оқыс оқиғалардың жиілеп кетуімен байланыстырады. Биылғы чәуір айының басына бері SCAT әуе компаниясының ұшақтарынан үш рет ақау шыққан.

5
Украинаның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі "елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін Ресей арнайы қызметінің тапсырмасын орындап жүрген ресейлік тыңшы әйелді" қолға түсіргенін мәлімдеді. 22 жастағы ресейлік Мария Коледа 9 сәуірде Украинаның оңтүстігінде ұсталған. Украина қауіпсіздік қызметі күдіктінің "ресейшілдер акциялары кезінде оқ атып, үш адамды жаралағанын мойындағаны" туралы хабарлады.

6
Бірқатар халықаралық ұйымдар 9 сәуірде Қазақстан парламенті мәжілісі екінші оқылымда мақұлдаған жаңа қылмыстық кодексінің жобасында «БАҚ пен азаматтық қоғамға қатысты репрессияшыл» баптар барына алаңдаушылық айтады.

7
9 сәуірде Францияның кассациялық соты қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты Ресей мен Украинаның біріне экстрадициялау туралы шығарылған әуелгі шешімнің күшін жойды деп хабарлады оның адвокаты Питер Салас.
Қазақстан билігі Әблязовқа ол Қазақстандағы БТА банкті басқарып тұрған кезде 6 миллиард АҚШ долларын қаржылық алаяқтық жасау арқылы жымқырған деген айып таққан. Әблязов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, бұл істің саяси астары барын айтады.

8
Бішкекте 10 сәуірде наразылық митингісіне шыққан оппозицияның ондаған жақтасын милиция ұстады. Қырғыз оппозициясы бұл күні елдегі басқа қалаларда да үкіметке қарсы наразылық акцияларын өткізді. Наразылар президенттің өкілетін қысқартуды, Кеден Одағына кіру туралы келісімнен бас тартуды, парламенттің бұрынғы спикерін түрмеден босатуды, «Құмтөр» кеніш орнын мемлекет иелігіне алу туралы талаптар қойған.

11
11 сәуірде Астанада полиция жасағы жер телімдерін «мемлекет қажетіне» алумен келіспей, бас прокуратура жанындағы жолды жапқан тұрғындарды балаларымен қоса ұстады.

12
11 сәуірде Орал қалалық соты Францияда түрмеде отырған оппозиционер Мұхтар Әблязовты қорғау хатына өзін сыртынан қосқаны үшін жергілікті белсенді Асқар Шайғұмаров пен Көкшетау қаласында тұратын белсенді Марат Жанұзақовтан ақша өндіртіп алуды сұраған жергілікті тұрғын Руслан Әбденовтың шағымын жартылай қанағаттандырып, оған аталған екі адамнан 130 мың теңге (шамамен 710 доллар) өндіріп алуға шешім шығарды.
Сол күні Қарағанды сотында Теміртау тұрғыны Кристина Захарованың қарағандылық белсенді Валентина Махотина мен Көкшетау тұрғыны Марат Жанұзақовтың үстінен түсірген шағымы қаралды. Захарова Мұхтар Әблязовты қолдау тізіміне оның фамилиясын енгізгендер өзіне «физикалық және адамгершілік тұрғыда моральдық шығын келтіргенін» айтып, 10 миллион теңге (шамамен 55 мың доллар) мөлшерінде жауапкерлерден қаржы өндіріп беруді сұраған.

13
Сирияның шығысындағы өзара жауласқан көтерілісші топтардың арасындағы қақтығыстарда 51 адам қаза тапты. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы қақтығыстардың Сирияның Иракпен шекарасындағы Дейр эль-Зур провинциясының Альбу-Камаль қаласында болғанын хабарлады.
Қақтығыстар "Ирак және Шам ислам мемлекеті" тобының мүшелері мен "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Әл-Нусра майданы" тобының өкілдері арасында болған.
Қақтығыстар "Ирак және Шам ислам мемлекеті" тобының мүшелері мен "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Әл-Нусра майданы" тобының өкілдері арасында болған.

14
12 сәуірде Қазақстанның қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соты "Қорғас ісі" бойынша айыптау үкімін шығарды. 2013 жылы маусымда басталған сот процесі контрабанда мен жемқорлыққа қарсы ең ірі қылмыстық іс болды. Мұнда 45 адамға айып тағылды. Олардың ішінде ұлттық қауіпсізддік комитетінің (ҰҚК), кеденнің бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер бар.
"Қорғас ісі" бойынша қылмыстық топты құрып, басқарған деп айыпталған адамдар ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкімге сәйкес, сотталушылардың мүліктері тәркіленіп, сотталғандар белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік қызмет істеу, кәсіпкерлікпен айналысу құқықтарынан айырылды. ҰҚК және кеденнің бұрынғы қызметкерлерінен әскери және арнайы шендері қайтарылып алынды.

15
12 сәуірде Алматыда Еуразия одағы туралы келісімге Қазақстанның қол қоюына қарсы азаматтар ұйымдастырған "Антиеуразиялық форум" өтті. Қазақстанның әр аймағынан 500-дей адам және Қырғызстаннан бір топ белсенді қатысқан жиын төрт сағатқа созылып, қортындысында Еуразия одағы туралы келісімге қол қою мәселесі он жылдан кейін қаралсын деген қарар қабылданды.
Ресей, Қазақстан және Беларусь билігі үш ел арасындағы экономикалық интеграцияны тереңдетуді көздейтін Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құру туралы келісімге биыл мамыр айында қол қойылады деп хабарланған. Егер келісімге қол қойылса, 2015 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ЕАЭО жұмыс істей бастамақ.

16
12 сәуірде Украинаның шығысындағы бірнеше қалада - Славянск, Краматорск пен Красный Лиманда ресейшіл белсенділер милиция бөлімдері мен үкімет кеңселерін басып алды. Киев бұл оқиғаларды Ресей тарапынан жасалған «агрессиялық әрекет» деп сипаттады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев «ел тағдырына жауапкершілікті мойнына алуға қауқарсыз екенін көрсетіп отыр» деп мәлімдеген. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлескенде Лавров Украина билігі елдің оңтүстік-шығысында этникалық орыстарға қарсы күш қолданатын болса, ол 17 сәуірге жоспарланған АҚШ, Еуропа одағы, Ресей және Украинаның қатысуымен Женевада төртжақты кездесу өткізуге кедергі болатынын ескерткен.