Бразилияда футболдан әлем чемпионатында топтық кезеңнің 3 айналымындағы кездесулерден соң 1/8 финалға шыққан алғашқы жұптар анықталды.
А тобында алаң иесі Бразилия командасы Камерун футбошыларын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
Осы топтағы екінші ойында Хорватия командасы Мексика құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды.
Топтық кезеңдегі ойындарда А тобында әрқайсысы 7 ұпайдан жинаған Бразилия мен Мексика командалары плей-офф кезеңіне шықты.
В тобындағы кездесуде Голландия құрамасы Чили командасын 2:0 есебімен ұтты.
Енді 1/8 финалда Бразилия құрамасы Чили командасымен, ал Голландия ойыншылары Мексика құрамасымен кездеседі.
ӘЧ-2014: плей-оффқа шыққандар

1
Голландия-Чили матчында Арьен Роббен мен Гонсало Хараның допқа таласы.

2
Осы ойында Гонсало Хара мен Дирк Кюйт арасындағы бәсеке.

3
Екінші таймда ойынға жаңадан қосылған Голландия құрамасының мүшесі Лерой Фер (сол жақта) Чили қақпасына алғашқы допты баспен соғып кіргізді.

4
Биылғы әлемдік жарыста жолы болмаған экс-чемпион Испания құрамасы соңғы кездесуінде Австралия командасы қақпасына 3 доп кірігізді. Ойынның 69-минутында испан шабуылшысы Фернандо Торрестің (оң жақтан екінші) бәсекелестің қақпасына гол соққан сәті.

5
Бұл ойында Пепе Рейна (оң жақта) қорғаған Испания қақпасына гол соқпақшы болған Австралия командасы шабуылшыларының жолы болмай-ақ қойды.

6
Камерун қақпасына соғылған төрт голдың екеуін Бразилия құрамасының ойыншысы Неймар (сол жақтан үшінші) соқты.

7
Бразилия құрамасының шабуылшысы Фредтің (оң жақта) Камерун қақпасына үшінші гол соғып жатқан сәті.

8
Бразилиялық ойыншылар Оскар (оң жақта) мен Давид Лиус қыспаққа алған Камерун құрамасының жартылай қорғаушысы Эйонг Эно допқа жете алмай сүрініп кетті.

9
Хорватия қақпашысы Стипе Плетикос (ортада) мен Мексика шабуылшысы Эктор Мореноның (сол жақта) бетпе бет келуі.

10
Бұл ойында 3:1 есебімен бәсекелесінен басым түскен Мексика қақпасына Хорватия командасынан жалғыз голды Иван Перишич (оң жақта) салды.