Accessibility links

Киев орталығындағы баррикада алынды

Киевтің коммуналдық қызметі Тәуелсіздік ескерткішіне қарама-қарсы Институт көшесіндегі баррикаданы алуға кірісті. Көшеге төселген кеспе тастар мен автомобиль дөңгелектерінен тұрғызылған баррикададан жаздың аптап ыстығында қолқаны қабатын күлімсі иіс тарап жатқанына қала тұрғындары шағым айтқан соң баррикаданы алып тастау туралы шешім қабылданған еді. Бұрынғы билікке наразылықтар кезінде Тәуелсіздік алаңында (Киев Майданы) құрылған шатырларда әлі күнге дейін тұрып жатқан адамдар баррикаданы алуға наразы екендерін айтады. Киев, 15 шілде 2014 жыл. Суреттерді түсірген – Виктория Полищук.

XS
SM
MD
LG