Accessibility links

Қазақстандық 13 турист Израильде қалып отыр


Израиль қарулы күштері Газа секторын атқылап жатыр. 23 шілде 2014 жыл.
Израиль қарулы күштері Газа секторын атқылап жатыр. 23 шілде 2014 жыл.

Қазақстандық 13 турист Израиль аумағынан шыға алмай отыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады. Министрлік ақпаратында Иерусалимдегі қонақ үйге орналастырылған Қазақстан азаматтары «толық қауіпсіз жағдайда» екендігі айтылған.

Агенттіктің хабарлауынша, бейсенбіге қараған түні Түркияға шығады жоспарланған ұшақ ұшпай қалған соң TezTour туристік компаниясы Палестин жеріне алып шыққан Қазақстан азаматтары Қазақстан елшілігі қызметкерлері және консулдың көмегімен Иерусалимге қайтарылған. Олармен бірге қазақстандық дипломаттар Украина мен Ресейдің бірнеше азаматын Вифлеемнен алып шыққан. Әзірше ұшақ байланысы болмай жатқандықтан, туристер Израильде қалуға мәжбүр болып отыр.

Бұған дейін Түркияға демалуға барған туристер тобы құрамында Иерусалимге бір күндік сапармен барған Қазақстан азаматтарының Тель-Авив әуежайы жабылып, ізінше зымыран соққысы басталғандықтан Израильден шыға алмай қалғаны туралы хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG