Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Ресей пезиденті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Екі елдің басшылары әңгімеде Украинаның оңтүстік-шығысында қалыптасқан ахуалды, соның ішінде әлемдік қоғамдастықтың қақтығыс аймағындағы ел тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету шараларын талқылаған.
Бұған дейін Назарбаев пен Путин тамыздың 13-і күні өзге мәселелермен бірге Украинаның шығысындағы жағдайды телефонмен әңгімеге арқау еткен еді.
Оның алдында 7 тамызда телефон арқылы сөйлескенде Назарбаев пен Путин Украина президенті Петр Порошенкомен тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігі жайын талқылады деп хабарланған.