Accessibility links

Дубровкадағы шабуыл құрбандарын еске алу

3 қыркүйек күні Мәскеудегі Дубровка театр орталығында өткен шараға қатысушылар терроризм құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 2002 жылы 23 қазан күні Мәскеудегі Дубровка театр орталығында «Норд-Ост» мюзикілінің қойылымы кезінде 900-ден аса адамды қырық шақты кісіден тұратын қарулы топ кепілдікке алып, үш күн бойы қамауда ұстаған еді. 26 қазанда Ресей күштері кепілдегі адамдарды босату үшін ғимаратқа шабуылдап, құрамы белгісіз газды қолданды. Салдарынан кепілдікте болған 130 адам (арасында 10 бала бар) және оларды кепілдікте ұстағандар да өлді.

XS
SM
MD
LG