Әлемнің 37-ракеткасы, 20 жастағы қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапония ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ол ширек финалда хорватиялық Ана Конюхты ұтты. Матчтың бірінші сетінде Зарина Дияс 2:5 есебімен ұтылып жатып, кейін қолының жарақатына байланысты медициналық үзіліс алды. Кейін кортқа қайта оралған Дияс 6:7 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, қалған екі сетте Зарина Дияс 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалда таиландық Луксики Кхумкхуммен кездеседі.
Зарина Дияс Осакада өтіп жатқан жарыстың алғашқы кезеңдерінде Чань Юнь-Янь (Тайпей) мен Лара Аррубаррен Вессиноны (Испания) ұтқан еді.
Жапония ашық чемпионаты 12 қазан күні аяқталады.