Прагада осымен 20-мәрте өткізіліп отырған Czech Press Photo халықаралық конкурсында биыл Украина тақырыбына түсірілген суреттер көп болды. Бас жүлде Еуропаның баспасөз фотосурет агенттігінің (EPA) тілшісі Филип Сингерге берілді. Азаттық осы конкурста жүлдеге ие болған фотосуреттерді ұсынады.
Czech Press Photo Award конкурсы

1
2014 жылғы Czech Press Photo конкурсының бас жүлдесі: Киевтегі қақтығыста зардап шеккен адам. Авторы – Филип Сингер (ЕРА)

2
«Көкейкесті» жанры бойынша бірінші жүлде: Киевтің Тәуелсіздік алаңында тұрған милицияның арнайы жасағы. Украина, 29 қараша 2013 жыл. Авторы – Филип Сингер (ЕРА)

3
«Көкейкесті» жанры бойынша екінші жүлде: Өртенген ғимараттың терезесінен қарағандағы Киевтің Тәуелсіздік алаңының көрінісі. Авторы – Петр Шеломовский.

4
«Көкейкесті» жанры бойынша үшінші жүлде: Шығыс Украинадағы Габрово селосы маңында құлаған MH17 рейсі ұшағында қаза тапқан жолаушылардың сүйектерін алып бара жатқан төтенше қызмет өкілдері. Авторы – Петр Шеломовский.

5
«Репортаж» жанры бойынша бірінші жүлде: Египеттен Италияға теңіз арқылы кетер алдында қызымен қоштасып отырған сириялық босқын Анас Абдулдайем. Авторы – Станислав Крупар

6
«Репортаж» жанры бойынша екінші жүлде: Киевтің орталығындағы баррикадада тұрған наразылар. Авторы – Юрай Мравец

7
«Репортаж» жанры бойынша ынталандыру сыйлығы: Одақтастар әскери күштерінің Нормандияға түскеніне 70 жыл толуына арналған шараға келген екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ сарбазының киіміндегі адам. Авторы – Мартин Дивишек (Denik)

8
«Спорт» жанры бойынша бірінші жүлде: Сочидегі олимпиада ойындарында ерлер арасындағы шаңғышылар жарысына қатысушылар. Авторы – Роман Вондроуш (ЧTK)

9
«Репортаж» жанры бойынша үшінші жүлде: Чехиядағы ақыл-есі шектеулі адамдарға арналған мекемедегі жұп. Авторы – Штепан Гон.

10
«Спорт» жанры бойынша екінші жүлде: Киевтегі фитнес орталықтарының бірінде өзінің жас күніндегі фотосын көрсетіп тұрған 81-жастағы советтік спорт ардагері. Авторы – Филип Сингер (EPA)

11
«Дағдылы өмір» жанры бойынша екінші жүлде: Аутизммен ауыратын бала. Авторы – Милан Ярош (Respekt)

12
«Дағдылы өмір» жанры бойынша үшінші жүлде: Зағип балаларға арналған мектеп оқушылары. Авторы – Ян Сибик.

13
«Портреттер» жанры бойынша бірінші жүлде: «Украина революциясының келбеттері» сериясынан. Авторы – Филип Яндоурек (Cesky Rozhlas)

14
«Портреттер» жанры бойынша екінші жүлде: Кісі өлтіргені үшін түрме жазасын өтеп жатқан Лубош Мико. Авторы – Радек Калгоус (Mafra)

15
«Жаңалықтар адамы» жанры бойынша бірінші жүлде: Словакия президенттігіне кандидат Андрей Киска сайлауалды кампаниясы кезінде. Авторы – Томаш Галаш (mono.ck)

16
«Табиғат және қоршаған орта» жанры бойынша бірінші жүлде: Ауру итті сумен емдеп жатқан мал дәрігерлері. Авторы – Матей Странский (Respekt)

17
«Өнер» жанры бойынша бірінші жүлде: Би кешіндегі зейнеткерлер. Авторы – Михаэль Ханке