Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарындағы қарулы ресейшіл сепаратистер 2 қараша күні осы аймақтарда өздері жариялап алған «халық республикалары» басшысы мен парламентке «сайлау» өткізбек. Еуропа Одағы мен АҚШ бұл «сайлау» Украина заңымен бірге биыл қыркүйек айының басында Минскіде жасалған бітім туралы келісімге де қайшы болғандықтан заңсыз деп біледі. Бірақ Ресей билігі Шығыс Украинадағы «сайлауды» заңды деп тануға әзір екенін мәлімдеген.
«Новороссия» елесі

1
Донецкінің орталық алаңындағы Ленин ескерткіші тұсына ілінген, өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» туы. 16 қыркүйек 2014 жыл.

2
Қабырғадағы «Донецк азат етіледі» деген жазу қасынан өтіп бара жатқан әйел. 10 қазан 2014 жыл.

3
Ленин атындағы орталық алаңда өткен жиында өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» туын ұстап тұрған адамдар. Донецк, 19 қазан 2014 жыл.

4
Донецк әуежайы маңындағы ғимаратта снайперлік винтовкадан көздеп тұрған ресейшіл сепаратист. 21 қазан 2014 жыл.

5
Донецк әуежайы маңындағы бақылау-өткізу бекетіндегі қарулы ресейшіл сепаратистер. 20 қазан 2014 жыл.

6
Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» жасағының адамдары Мариуполь қаласының маңындағы Заиченко селосында танк үстінде тұр. 30 қазан 2014 жыл.

7
Донецк әуежайынан бір жарым шақырымдай жердегі Куйбышево селосындағы базарда тұрған сатушы әйел. 24 қазан 2014 жыл.

8
Ұрыс жүріп жатқан жерден бір жарым километр жердегі Петровск селосындағы бір ғимаратты паналап бірнеше айдан бері тұрып жатқан балалар. 23 қазан 2014 жыл.

9
Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» жетекшісі Александр Захарченко Донецк маңындағы Макеевка селосында шіркеуде шырақ қойып тұр. 29 қазан 2014 жыл..

10
Әдетте орыс ұлтшылдары шерулерде ұстап шығатын, орыс православ шіркеуінің символикасы салынған туға оранып, қолына өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» жалаушасын ұстаған әйел Ленин атындағы орталық алаңдағы сепаратистер жиынында тұр. Донецк, 19 қазан 2014 жыл.

11
Донецк маңындағы Макеевка селосында Холодная Балка шахтасы қасында күзетте тұрған қарулы ресейшіл сепаратист. 29 қазан 2014 жыл.

12
Гуманитарлық жәрдем алған әйел Донецк циркі ғимаратында тұр. 30 қазан 2014 жыл.

13
Донецк әуежайынан бір жарым шақырымдай жердегі Куйбышево селосындағы базардың көрінісі. 24 қазан 2014 жыл.

14
Донецк халықаралық әуежайы маңында Украина үкімет күштеріне қарсы әскери қарудан атып жатқан ресейшіл сепаратист. 9 қазан 2014 жыл.

15
Донецк халықаралық әуежайы маңындағы Киев ауданында атыс салдарынан бүлінген тұрғын үйдің жанында тұрған адам. 17 қыркүйек 2014 жыл.

16
Донецк маңындағы Карловка селосында атыс салдарынан қираған тұрғын үйдің жанында тұрған әйел. 30 қазан 2014 жыл.

17
Ресейшіл сепаратистер қатарында Украина үкімет күштеріне қарсы шайқасқа қатысып жүрген әйел. Донецк халықаралық әуежайы маңы, 4 қазан 2014 жыл.

18
Ресей әншісі Иосиф Кобзон (оң жақта) және өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» «премьер-министрі» Александр Захарченко Донецкідегі концертте советтік әндерді бірге айтып тұр. 27 қазан, 2014 жыл.

19
«Донецк халық республикасының» өзін өзі жариялағанына алты ай толуына орай қаланың орталық алаңында өткізілген концерт кезінде тұрғындар және журналистермен сөйлесіп тұрған «халық губернаторы» Павел Губарев (ортада). 4 қазан 2014 жыл.

21
Суретте ортада жүзін көкке қаратып тұрған - өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» бұрынғы «премьер-министрі» Александр Бородай.

22
Донецк халықаралық әуежайына барар жолдағы бақылау-өткізу бекеті жанынан таяққа сүйеніп өтіп бара жатқан егде адам. 2 қазан 2014 жыл.

23
Бірнеше ай бойы зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алмаған жергілікті тұрғындар Украина жинақ банкінің Донецкідегі бөлімшесі алдында кезекте тұр. 7 қазан 2014 жыл.

24
Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» жалаушасын құлағына қыстырып алған әйел Донецк университетінің бас ғимараты жанында өткен наразылық жиынында тұр. 30 қыркүйек 2014 жыл.

26
Луганск облысындағы Славяносербск селосы маңында орналасқан бақылау-өткізу бекетінде украиналық телеарна журналистеріне өз құжатын көрсетіп тұрған ресейшіл сепаратист. 10 қыркүйек 2014 жыл.

27
Луганск облысындағы Кировск кентіне кіреберістегі бақылау-өткізу бекетінде қарумен тұрған ресейшіл сепаратист. 30 қазан 2014 жыл.