Ресей президенті Владимир Путиннің саясатына наразылар оны мұқату мақсатында карикатуралық суреттерден бөлек, үлкенді-кішілі "қуыршақтары" мен "бюсттерін" жасайды. Қарашаның 5-сі күні Ұлыбританияның Льюис қаласында өткен "От жағу түнінде" костюмді шеруге қатысқан жұрт "танкіге мінген Борат киіміндегі Путиннің" үлкен "макетін" алып шықты. Бұған дейін жасалған мүсін тақілеттес кейбір туындыларда Ресей президенті жыныстық азшылық өкілдеріне қысым жасаушы, Украинаға басып кіруші және сауыт киген диктатор ретінде бейнеленген.