Баспасөз өкілдері журналистерге жабық мекеме деп жиі сынға қалатын Украина қорғаныс министрлігі антитеррорлық операция аймағына арнайы сапар ұйымдастырды. Краматорск – Дебальцево бағыты бойынша өткен сапар барысында журналистер алғы шептегі әскерилер мен жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Донбаста желтоқсанның 9-ынан бастап қарулы қақтығыс саябырсығандай болғанымен, оқта-текте тыныштықты бұзатын оқиғалар болып тұрады. Мысалы, журналистер Светлодар түбіндегі украиналық әскерилер шебінен өтер кезде минометтен оқ атылды. Украиналық әскерилер аймақта бейбіт өмірді қайта жандандырып, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге тұрғындарға жәрдем танытуға тырысып жатқан тұста болған бұндай оқыс оқиғалар Донбаста ресейшіл сепаратистер мен Украина және Ресей саяси билігі мәмілеге келмейінше алдағы уақытта да жалғаса беретін сыңайлы. (24 желтоқсан 2014 жыл. Фоторепортаж авторы - Джеймс Спранкл)
Краматорск - Дебальцево сапары

1
Әуе шабуылының салдарынан екі бөлінген Лисичанск және Славянск кенттері арасындағы көпір.

2
Краматорсктегі әскери базалардың бірінің маңындағы көрсеткіш белгі.

3
Краматорскідегі әскери базаның алаңымен өтіп бара жатқан украиналық әскери бронетранспортер.

4
Краматорскідегі базадан Светлодарск және Дебальцевоны бетке алып шыққан әскерилер. Қарулы қақтығыстар бұрынғымен салыстырғанда саябырсығанымен, аймақта оқта-текте атыс болып тұрады.

5
Әскери оператордың қаруы.

6
Сауытты автомобильдегі арнайы саңылаудан сырттағы жағдайды бақылап отырған украиналық жас жауынгер.

7

8
Украиналық сарбаз.

9
Дебальцевоға барар жолда бронетранспортердің арнайы саңылауынан қарағандағы көрініс.

10
Донбаста бірнеше айға жалғасқан ұрыстар барысында бүлінген мыңдаған құрылыс нысандарының бірі. Бұл жанармай бекеті Дебальцевоға барар жолда, украиналық әскерилер бақылауындағы жерде орналасқан.

11
Украиналық пулеметші сарбаз.

12
Төңіректегі жағдайды бақылап тұрған украиналық жауынгер.

13
Алғы шепте жүрген украиналық сарбаздар.

14
Бұл жерден жүздеген метрдей тұста ресейлік сепаратистер бақылауындағы аймақ басталады.

15

16
Светлодарск маңындағы украиналық әскерилер.

17
Светлодарск маңындағы буферлік аймақта тұрған украиналық әскери БМП-1.

18
Орман ішімен алғы шептен қайтып келе жатқан украиналық сарбаз.

19
Светлодарск маңында алғы шепте жүрген украиналық жауынгерлер.

20
Светлодарск маңында тұрған БТР үстіндегі украиналық әскерилер.

21
Танкке қарсы РПГ-26 гранатометімен қаруланған украиналық сарбаз.

22
Майдан шебінен Украина аумағына қару-жарақ пен контрабанда өткізбеу мақсатында жеке меншік көлікті тексеріп жатқан украиналық әскерилер.

23
Дебальцево елдімекеніне кіреберістегі блокпост.

24
Әскерилер Луганск-Харьков бағытындағы автобус жолаушыларын түсіріп, көлікті тексеріп жатыр.

25